Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2021
Тағы бір қалам қаңтарылды. Тағы бір талант ұшы-қиыры жоқ ұзан дүниенің мәңгілік сапарына аттанды. Жауһар дүниелері жаһанды жалт қаратқан, әр жалғыздың жанынан табылған мэтр келместің кемесіне жүгін артты. Тағы бір суреткер әлем ғайыпқа айналды... Қазақ киносының қара нары, хас шебері, жазушы, драматург, режиссер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Нарымбетовтің өнер жолындағы шексіз кеңістікті бетке алған ұлы сапары, оның прозалары, кинокартиналары туралы бірауыз сөз айтқымыз келеді.
Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2021
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жамбыл апталығы» аясында «Жамбыл және түркі әлемі» атты халықаралық онлайн-конференция өтті. Оған Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Болгария, Башқұртстан және Саха Республикасынан танымал жамбылтанушы, әдебиетші, тілші ғалымдар мен осы оқу орнының жастары қатысты.
Абай • 02 Желтоқсан, 2021
Елорда төрінде жаңадан ашылған мекеме Мәдениет және спорт министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының реставрация-консервация бөлімінде осыдан 112 жыл бұрын Петербор қаласында басылып шыққан Абай Құнанбаевтың құнды кітабы жаңғыртылып, жаңарған нұсқасы Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне табысталды.
Театр • 02 Желтоқсан, 2021
Еуразия жүрегінде еңсе тіктеген елорда азаттықты аңсап өткен ата-бабаларымыздың асыл арманын ақиқатқа айналдырған алып шаһар. Бұл қалада Қазақ елінің қайсар қасиеті мен мәңгілік мәдениеті, өзгеге бергісіз өзіндік өркениеті ұштасып жатыр. Ғұндардың астанасы болған байырғы Бозоқ пен бүгінгі Нұр-Сұлтанның арасында салқар сабақтастық, балталаса бұзылмайтын байланыс бар. Ұлы даланың жүрегі болып дүрсілдеп, байтақ елдің тамырына қан жүгірткен бас шаһар сәулелі өнердің сәукелесіне айналды.
Коронавирус • 02 Желтоқсан, 2021
Алматы қаласы соңғы апталарда «жасыл аймаққа» өтіп, ковид жұқтырғандар саны азайғаны осы еді, «омикрон» штамының аты естілді. Осыған орай қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова жаңа штамм дерттің қайта өршуіне әкелуі мүмкіндігіне байланысты той-томалақ, көпшілік орындарға баруды тыя тұруды ескертті.