Қоғам • 24 Желтоқсан, 2019
Шығыс Қазақстан облысында «Antikor ortalygy» ашылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Шпекбаев және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтің қатысуымен халықпен жедел кері байланысты қамтамасыз ететін ерекше «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығы ашылды.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Түркістан облысында бас шыршаның шамы жағылды
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала әкімі Рашид Аюпов шаһардағы бас шыршаның шамын жақты. Қала орталығындағы «Гүлдер» саябағында бой көтерген еліміз бойынша ең биік жаңа жылдық шыршаға түркістандықтар мен қала қонақтары жиналды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2019
Елордалық еріктілер ардагерлерге тегін азық-түлік таратты
«Астана жастары» мемлекеттік мекемесінің еріктілері жаңа жыл қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2019
Алтай Көлгінов Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті
Кездесу 3 сағатқа созылды. Тұрғындар әкімге 100-ден астам сұрақтар қойды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 24 Желтоқсан, 2019
Ұлттық кеңес мүшелері не дейді?
Еліміздің экономикалық және саяси ұстанымына қатысты қордаланған мәселелер аз емес. Мұндайда түйткілді мәселелердің түйінін тарқатып, ертеңгі ел дамуының басым бағдарын айқындайтын келелі кеңес керек-ақ еді. Заң емес, заман талабы бұл. Оның да іргесі қаланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен құрылып, Қазақстан Президентінің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өткені белгілі. Ұлттың ұпайын түгендеп берген Ұлттық кеңесте ұтарымыз көп болса игі. Ал Кеңес мүшелерінің мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп атқарған ауқымды жұмыстарының, талас пен талқыға түскен бастамалар мен ұсыныстарының бәсі неде? Жүйелі, тиімді, ұзақмерзімді іс-шаралар әзірлеу кезінде қарапайым қазақстандықтардың мүддесі ескерілді ме? Кеңес мүшелері не дейді?