Парламент • 23 Желтоқсан, 2019
Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 23 Желтоқсан, 2019
Сенаторлар аффинаж зауытының қызметімен танысты
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков бастаған бір топ сенаторлар Сенат Төрағасы Д.Назарбаеваның тапсырмасы бойынша «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының қызметімен танысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 23 Желтоқсан, 2019
«Астана Балет» театрында «Күлше қыз» ертегі-балеті көрсетілді
«Астана Балет» сахнасында Сергей Прокофьевтің музыкасына жазылған «Күлше қыз» ертегі-балеті көрсетілді. Қойылым балалар ғана емес, ересектердің өзін тебіренткені соншалық, көрермен қауым әртістерге тік тұрып, айрықша ықыласын білдірді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2019
Екі айда республикалық маңызы бар жолдардағы қозғалысқа 235 рет шектеу қойылды
2019-2020 жж. қысқы кезең жолшылар үшін жабысқақ қардың салдарынан «Өскемен – Зырянов – Рахманов бұлақтары» автомобиль жолының жабылуынан басталды. Қазан және желтоқсан айларының аралығында республикалық маңызға ие жолдарда қозғалысқа 235 рет шектеу қойылған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 23 Желтоқсан, 2019
Өзбекстанда парламент сайлауы аяқталды
Өзбекстан Республикасы парламентінің Заң шығарушы палатасы және халық депутаттары жергілікті кеңестерінің депутаттарын сайлау аяқталды.