Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2018
TWESCO салтанатты қабылдау өткізді
Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау шарасын өткізді. Жиын аясында Мажарастанның Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мәртебесін алуына байланысты мемлекеттік туы табыс етілді.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2018
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң 1995 жылы қабылданған уақыттан бері оған 19 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қызығушылық тудырып отырғаны ағымдағы жылдың жазында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңмен енгізілген соңғы новеллаларды заңға тәуелді деңгейде іске асыру мәселелері болып отыр.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2018
Ономастикадағы оң өзгерістер жалғасады
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жұртшылық ыстық ықыласпен қабылдағаны белгілі. Мемлекет басшысының жақында жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл тарапта Шығыс Қазақстанда қандай жұмыстар атқарылды, алда қандай жоба-жоспарлар бар? Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыс әкімі Даниал Ахметов осы өңірдегі тілшімізді арнайы қабылдап, осы және өзге де сауалдарға жауап берді.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2018
Нұротандықтар мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды
Дәстүрге сай еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлкен үлесі үшін нұротандықтар мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2018
Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың атынан мемлекеттік қызметкерлерге және ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, мемлекеттік және қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін мемлекеттік марапаттарды табыстады.