Оқиға • 21 Желтоқсан, 2023
Қарқаралыда жұмысқа бара жатқан үш адамға қасқыр шапты
Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Оқиға бүгін таңғы 6 шамасында Қарқаралы ауданында болған, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 21 Желтоқсан, 2023
«Қашанғы көршілердің көңіліне қараймыз?». Депутат трансшекаралық өзен-су мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев жалпы отырыста еліміздің трансшекаралық өзен-су мәселесін көтерді. Депутат Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке Жамбыл облысын басқарған тұста шаруаларды судан тарықтырып алғанын алға тартып, биылғы құрғақшылықтың келешекте қайталанбауына қандай кепілдіктер бар екенін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Желтоқсан, 2023
Бүгін елордада екінші ауысым оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Бүгін Астана қаласында қар жауып, қатты жел соғып тұр. Осыған байланысты қалалық білім басқармасы екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды деген шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023
Бірнеше облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Бұрқасын қар, көктайғаққа байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 16 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Осы орайда ҚазАвтоЖол бөлімшелерінің барлығы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылып, 260 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.
Экономика • 21 Желтоқсан, 2023
Адами капиталды арттырмай, экономика дамымайды - депутат
Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауқымды әрі кешенді «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталатын сайлауалды бағдарлама ұсынды. Бағдарламада қордаланған әлеуметтік проблемаларды жүйелі шешу арқылы адам капиталын дамыту қарастырылған. Геосаяси және геоэкономикалық күрделі жағдайға қарамастан Мемлекет басшысы алға қойған алып мақсаттар рет-ретімен, кезең-кезеңімен нәтижелі орындалып келеді.