Қоғам • 21 Ақпан, 2023
Әуежайда фармацевтикалық хаб құрылмақ
Астана әуежайы тез бұзылатын ауыл шаруашылығы және теңіз өнімдерін, сондай-ақ фармацевтикалық өнімдерді жинақтап тарататын мультимодальді хаб құруға ниетті. Тіпті оған автомобильдер мен оның бөлшектері де тартылатын көрінеді.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2023
«Jetisy green»: Көк шөптен де көп пайда бар
Қысы-жазы жайқалып тұратын бақ немесе тропикалық джунгли. Талдықорғандағы жылыжайды дәл осылай атауға болады. Таңғажайып өсімдіктер әлемін өз көзімен көруге ықыласы ауғандар қатары күн санап артып келеді. Хоббиін бизнеске айналдыра білген кәсіпкер Аяулым Қуанғалиева жетісулық тұтынушылардың тілегін орындап отыр.
Тұлға • 21 Ақпан, 2023
Ер есімі ескерусіз қалмаса екен
Адамзат баласының басына төнген Екінші дүниежүзілік соғыс алапатының ащы зардабы әлі де халық жадында. Бүгінде қиын-қыстау заманның қасіретін еске алатын ардагерлер де азайды. Бірақ біз, кейінгі ұрпақ миллиондаған адам тағдырын қыршыннан қиған соғысты, жаумен жанкештілікпен соғысып асқан ерлік көрсеткен әкелеріміз бен аталарымызды жадымыздан шығаруға қақымыз жоқ.
Өндіріс • 21 Ақпан, 2023
Оралдық Сәрсенбек Монтаев жақында «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2 пайызы» (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне еніп, жер-жаһанға танылды.
Әскер • 21 Ақпан, 2023
Жақында Мемлекет басшысы көктемгі әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Ел жастары Отан қорғау жолындағы парызын өтеуге дайындалып жатыр. Дерекке қарасақ, биыл екі кезең бойынша әскери міндетін атқаруға тиісті 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтардың жалпы саны 37 056 адам екен.