Тұлға • 21 Ақпан, 2023
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, аты аңызға айналған мәдениет ұйымдастырушысы, Үлкен террор құрбаны Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толды. Осы дата қарсаңында 2023 жыл Жүргенов жылы болып жарияланды. Мұндай шешімді түрк әлеміндегі ЮНЕСКО деп аталып жүрген Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы қабылдаған болатын. «Түрк мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту» (аббревиатура – осы атаудың түрікшесінің бас әріптерінен) мәселесін көздейтін бұл ұйымның құрылғанына биыл отыз жыл толады. Түркі елдерінің ынтымақтастығы арта түсуіне ықпалы жылдан жылға артып келе жатқан осы ТҮРКСОЙ-дың тұтас 2023 жылды қазақ қайраткері есімімен атауы бізге зор міндет жүктейді...
Руханият • 21 Ақпан, 2023
Жаратушы жер бетіне жіберген әр пенденің көңіл түкпіріне адам болудың қасиеттерін шегелеп береді деседі. Ақын Абай айтпақшы, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» – осы үш қасиет жұмыр басты тіршілік иесінің өмір бойы ұмтылатын миссиясы болуға тиіс. Қаламсап – өмірді қалай бағыттасаң, ғұмырдың түтіні солай түзіледі емес пе. Жер бетінде адам болып туу жеткіліксіз.
Театр • 21 Ақпан, 2023
«Ажарың ашық екен атқан таңдай,Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.Анаңнан сені тапқан айналайынКүлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай».Жарты ғасыр бұрын көрерменге жол тартқан «Гауһартас» фильмінің сырлы сазына, нәзік үніне айналған халық әні тұңғыш рет театр сахнасында шырқалды. Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Дулат Исабековтің «Гауһартас» музыкалық драмасының премьерасын көрерменге үш күн қатарынан ұсынды.
Әдебиет • 21 Ақпан, 2023
Өмірі аңызға айналмаған алып тұлғалар некен-саяқ. Әсіресе әдебиетте шебер суреткердің жарық сәулесі шекара асып, түу шалғайға дейін түседі. Мәселен, қазақ әдебиетіне Горькийдің тигізген әсері ұшан-теңіз. Ең алғаш Горькийді танып, оның орасан ұлылығын, өмірдің өзіне ұқсайтын қарапайымдылығын, ұсақ ұлт әдебиетінің өсуіне деген адал ойын ұға білген қаламгерлер болды.
Әдебиет • 21 Ақпан, 2023
Адамзат жаралғалы асу-асу белдердің аңқасы кеуіп, адырларға ат ізі түсіпті. Мұхит түбіне жұтылған кемелерді мүк басып, аралға жасын құлапты. Уақыт тоқтап тұрыпты, адамдар көшіпті. Сол лек ішінде Құдайдың бұйрығымен қағілез сары қыз дүниеге келіпті. Қазақ болып жаралыпты. Ең қызығы, ең нәубеттісі Жаратушы пәрменімен талант атты алып қуатты арқалап туыпты.