Үкімет • 21 Ақпан, 2024
Үнемделген қаражат экономикаға бағытталады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Отырыста су тасқынына, көктемгі маусымға және ытимал төтенше жағдайларға дайындық шаралары да талқыланды. Сондай-ақ 9 ақпанда өткен кеңесте Үкімет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы да қарастырылды.
Сенат • 21 Ақпан, 2024
Демографиялық даму – стратегиялық артықшылық
Сенатта Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру аясында «Демографиялық өсу – ұлттың стратегиялық артықшылығының негізі» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті.
Шаруашылық • 21 Ақпан, 2024
Ақмола өңірінде көктемгі дала жұмыстарын тиянақты атқаруға қажетті тұқымның жетіспеушілігі қолбайлау болатын түрі бар. Жер емшегін емген диқандардың ұзақ жылғы тәжірибесіне сүйеніп айтатын уәжі – гектар берекесін арттыру ең алдымен сапалы тұқымға байланысты.
Баға • 21 Ақпан, 2024
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қорларынан көкөністерді қолжетімді бағамен сауда орындарына жеткізу мәселесі талқыланды.
Депозит • 21 Ақпан, 2024
Зейнетақы ақшасына баспана алу тәртібі өзгереді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Ұсынысқа сәйкес, «Отбасы банк» депозиттерінде біржолғы зейнетақы төлемдері қаражатын жинақтау мерзімі 3 жылдан 8 жылға дейін ұлғайтылмақ.