Спорт • 24 Ақпан, 2020
Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Қазақстанның бұрымды балуандары жарысты 2 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен қорытындылады.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2020
Солтүстік Қазақстан облысында желдің қатты күшеюімен бірге жолдың көктайғаққа айналу қаупі зор болып тұр. Ақпанның бораны биыл тіптен ашулы. Ауа райы күрт өзгерген уақытта оқыс жағдайларды болдырмау үшін тәртіп сақшылары және төтенше жағдай қызметкерлері жол қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге тығыз байланыста жұмыс істеуде.
Таным • 24 Ақпан, 2020
Ұлттық музейде «Суретшілер мен Целиноград. Тіршілік пен қала» атты көрме ашылды. Іс-шара қаланың айрықша мәдени естелік орны һәм тың өлкесіндегі кәсіби өнерге үлес қосқан тұлғаларға құрмет ретінде Целиноград қаласы Суретшілер одағы мүшелерінің (1961-1997 жж.) шығармашылығына арналған.
Теннис • 24 Ақпан, 2020
Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өткен WTA Dubai Duty Free турнирінің финалына дейін жетіп, бас жүлде үшін өткен бәсекеде жеңіліп қалды.
Таным • 24 Ақпан, 2020
Әлихан Бөкейхан: Санкт-Петербург және Самара іздері
(Соңы. Басы 36-нөмірде) Әлихан және татар элитасы Сөз басында Әлекеңнің аз уақыттың ішінде Самарадағы беделді тұлғалардың біріне айналғанын айтып өттік қой. Бұл тұста қалада татар ұлтының өкілдері көп еді. Мәселен, 1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының нәтижесінде Самарада 2803 татар өмір сүретіні анықталған. Бұл қала халқының 3,2%-ы. Әйтсе де бұл нақты көрсеткіш емес. Өйткені санақ барысында нан базарындағы маусымдық жұмыскерлер, шаруалар, жәрмеңке саудагерлері мен уақытша тіркеудегілер есепке алынбаған. Сол кездегі Самара қаласының билігі болса татарлардың саны 3 000 адам деген ұстанымда болған. Ал басқа деректерде ХХ ғасырдың бас кезінде қаладағы татар қауымының жалпы саны 6000 адам болғаны айтылады.