Қоғам • 24 Ақпан, 2020
Телеарна жұмысының есебі тыңдалды
«Qazsport» телеарнасының өткен жылғы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Л.Танысбай, «Qazsport» телеарнасының директоры П.Цыбулин, Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы С.Мұсайбеков, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Б.Тілеухан және өзге де спорттық федерациялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Парламент • 24 Ақпан, 2020
Қызылорда облысының жетістіктері таныстырылды
Сенатта Аймақтар күндері аясында Қызылорда облысы таныстырылды, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктері көрсетілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2020
Жеті қайқы мен белгілі бес жүйріктің елі – Маңғыстау ән мен күй, жырда өзіндік ерекшелігі бар өңір. Өлке өнерін жинақтау, ұрпаққа насихаттау мақсатында жеті жыл бұрын Әнуар Бимағамбет, Кенжебек Аяғанов, Ақылбек Тасқара секілді азаматтардың ұйымдастыруымен «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» атауымен күйлер антологиясы CD-диск түрінде жарық көріп, жинаққа Маңғыстаудың бұрын-соңды беймәлім 45 күйі енген болатын.
Қоғам • 24 Ақпан, 2020
Қазақ құсбегілері саят-сонар-салбурынға арнайы жаттыққан ат мініп шығады. Бұл ат ауызекі тілде «Бүркіт аты» немесе «Саят аты» деп аталған. Мұндай жылқы мініп-түскенде, сондай-ақ құс қанатын жайып қозғалғанда үрікпейтін, үстіндегі құстың қимыл-әрекеті мен мінез-құлқын жатырқамайтын болғаны дұрыс. Саятшылыққа кез келген жылқы жарамайды. Арнайы ат таңдап алып үйретеді.
Таным • 24 Ақпан, 2020
Бүкіл саналы ғұмырын Сыр елінің өсіп, өркен жаюына бағыштаған қарымды қаламгер, қаламы семсер серке болған журналист Өтеген Жаппарханов ағаның өмірден өткеніне 40 күн де өте шығыпты-ау.