Құқық • 20 Ақпан, 2023
Сергек сақшының жұмысы да тиянақты
Жуырда Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин 2022 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша халық алдында есептік кездесу өткізді.
Пікір • 20 Ақпан, 2023
Ағайындарымыздың бірі аяқ астынан қайтыс болып ауылға барып-келуге тура келді өткенде. Жасы елуге де келмеген апайымызды жер қойнына тапсырғаннан кейін білдік – марқұмның артында аңырап ұлы мен қызы ғана емес, екі банктен алған 6 миллиондай қарызы да қалған екен.
Тұлға • 20 Ақпан, 2023
ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында болған күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезеңінде өмір сүріп, түркі-қазақ халықтарының болашағы үшін күрескен қайраткерлердің қызметін зерттеу, оның тұлғасына баға беру қай кезде де өзекті. Себебі тарихи тұлғалардың өнегелі қызметі жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуде аса үлкен маңызға ие. Сондықтан мемлекет және қоғам қайраткері, публицист Қабылбек Сарымолдаевтың мұрасын ғылыми айналымға тарту маңызды.
Тарих • 20 Ақпан, 2023
Алаш тарихының Батыс елдеріндегі зерттелу тарихына үңіліп, жіті зерттеп жүргеніме біраз уақыт болды. Батыста жарық көрген көптеген еңбектерде Алаш қозғалысының тарихы, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салған көшбасшылары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сынды зиялылар туралы дерек, мәліметтер жазылған. Батыс елдерінде жазылған, зерттелген Алаш тарихына, жетекшілері мен мұраларына қатысты еңбектер Қазақстандағы әріптестерімнің және Алаш тарихына көңіл бөлетін жұртшылықтың да қызығушылығын тудырар деген оймен, қолымдағы мәліметтермен бөлісуді жөн санадым.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2023
Қали алғаш көрген адамымен де ашылып әңгімелесе береді. Ешкімді жатсынбайды, жатырқамайды. Өнерін өмірім деп түсінетін оның суретін саудаға салып жүргенін көрмеппіз. Әйтпесе сыр-шырай (живопись), кескіндеме (графика), сумен жазу (акварель), мүсіндеу (скульптура), карикатура секілді бірнеше бағытты жетік меңгерген Қалидың өнеріне қызықпайтын адам аз.