Қазақстан • 12 Ақпан, 2018
Еңбекақыны қайта қарайтын кез келді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бюджеттен еңбекақы алатын азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын арттыру жөніндегі тапсырмасын тиімді түрде орындау іс жүзінде қиын болып отыр. Өйткені осы қызметкерлердің еңбекақысын реттеу жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген әдіснаманың өзі ескірген. Оны 2008-2010 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы кезінен бастап қолданып келеміз.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2018
Елбасы Н.Назарбаев өзінің 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында шағын және орта бизнестің қатысуымен тұрмыстық қатты қалдықтарды осы заманғы әдістермен жою және оларды қайта өңдеу туралы тапсырма берді. Қазір тау-кен өндірісі кәсіпорындарының мыңдаған тонналық қалдықтары қоршаған ортаның экологиясына ауыр зардабын тигізуде. Елбасы осы проблемаларды шешу үшін де нақты тапсырма бергені анық.
Парламент • 12 Ақпан, 2018
Сенатор бұрынғы міндеттерді де ескеру қажет деп санайды
Жуырда сенатор Дулат құсдәулетов Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, өзін толғандырған бірқатар мәселеге тоқталып, олардың шешімін табу кезек күттірмейтін іс екенін атап өтті. Ол жалқы дүниелерді емес, жалпы дүниелерді қамтитын болғандықтан күнделікті сауалдарға қарағанда ұзақтау жазылған. Біз төменде сенаторды ғана емес барша қазақстандықтарды толғандырып жүретін сол мәселелердің біразын жариялап отырмыз.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2018
Онлайн қарыз опық жегізбесін...
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне Қазақстан Қаржыгерлер ассоциациясының өкілдері қайрылып, қарыздарды онлайн режімдерінде беретін компаниялардың әрекеттерін заңдылық жолмен реттеу мәселесін шешіп беруді өтінді.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2018
«Қарағайлыда» құрылыс қарқын алды
Семейде «Қарағайлы» шағын ауданының құрылысы қызу жүріп жатыр. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің Семейге жұмыс сапары барысында аталған шағын ауданның құрылысына қатысты жобалар көрсетілді. Сондай-ақ қалада «Абай-Арена» мәдени-ойын-сауық спорт кешенінің құрылыс жұмыстары да басталды.