Отбасы • 19 Ақпан, 2023
Көңілге қаяу түсіретін көрсеткіш
Елімізде ажырасуға қатысты деректер алаңдатарлық деңгейде. Әсіресе жастар арасында шаңырағы шайқалғандар көп. Әлемдік Advokatsmart келтірген статистикаға сүйенсек, Мальдив аралдарынан кейін Қазақстанда отбасының ойрандалу фактісі жиі тіркеледі екен. Бұл көптің көңіліне қаяу түсіретін ащы дерек. Бұған не себеп? Сандаған ғасыр бойы сабақтасып, жалғасын тауып келген отбасы құндылығы қай тұста үзіліп қалды?
Театр • 19 Ақпан, 2023
Ойламаған тұста тағдыр шырғалаңына тап болып, он бір жылдан бері Қарттар үйін мекен етіп келе жатқан театр өнерінің ардагері, актриса Айымторы Тайғаринованың мерейлі 85 жасқа толуына орай Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры көңіл толқытатын ерекше кеш ұйымдастырды. Айшықты образдарымен, ерекше еңбек жолымен, кәсіби келбетімен өзгешеленетін Айымторы Каспийқызын арнайы шақырып, өнердегі үзеңгілестері мен ізбасар әріптестерінің алқалауымен сахна төрін нағыз театр мерекесіне айналдырды.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2023
Даламызға кітап болып Брюссельден жеткен осы жаңалық кімді болсын бейжай қалдырмайды. Бұл тарихи, географиялық, тағы да басқа ғылыми мәні өз алдына, үлкен саяси мәнге де ие.
Тарих • 19 Ақпан, 2023
Кеңес өкіметі тұсында 1930 жылдары Қазақстанға жер аударылған корейлердің тағдыры ұзақ уақыт бойы жабық тақырып болып келді. Архив деректеріне қол жеткізу қиын болғандықтан, олардың ауыр тағдырын объективті зерттеуге мүмкіндік болмады.
Тұлға • 19 Ақпан, 2023
2003 жылдың 18 ақпанында, осыдан тура 20 жыл бұрын Мәлік Мұқановтың күрескер жүрегі қалт тоқтаған еді. «Аңдыған жау алмай қоймайды» деген, бір жылдай айналдырған бейдауа кесел ақыры оны 59 жасында арамыздан алып кетті...