Төтенше жағдай • 19 Ақпан, 2023
Өңірде көктемгі тасқынның алдын алу шаралары барынша қадағаланып, елді мекендерге белсенді мониторинг жүргізіліп жатыр. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижесінде Глубокое ауданында су басу қаупі жоғары 15 ауыл анықталды.
Спорт • 19 Ақпан, 2023
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек спорт сарайында дзюдодан 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған жас балуандардың тартысты белдесулерін елорда жанкүйерлері қызыға тамашалады. Осы жарыста оза шапқан жеткіншектер ертеңгі күні ұлттық құрама сапына алынып, Олимпия ойындары, әлем және Азия чемпионаттарында ел намысын қорғаудан үмітті.
Спорт • 19 Ақпан, 2023
Елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен «Спорт ғылымы негізінде оқыту әдістері» атты халықаралық семинар ұйымдастырылды. Екі күнге жалғасқан сабақта Жапонияның Йокогама Тоин университеті Спорт ғылымдары жоғары мектебінің профессоры Томонобу Сакурай еліміздің әр облысы мен қаласынан келген жаттықтырушыларға, нұсқаушыларға, әдіскерлер мен дене шынықтыру педагогтеріне дәріс оқыды.
Өнер • 19 Ақпан, 2023
Атырауда тұратын баспа дизайнері Назерке Ищанова компьютерлік графиканың Digital Art стилімен сурет салады.
Қоғам • 19 Ақпан, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде IV халықаралық «Әлемдік философияның өзекті мәселелері» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Іс-шара аясында диалектикалық логика мектебінің негізін қалаушы Жабайхан Әбділдиннің 25 томдық ғылыми еңбектер жинағы таныстырылды.