Өнер • 18 Ақпан, 2024
Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Файзиеваның «Астана опера» театрындағы өнер сапары басталды. Классик композитор С.Рахманиновтың 150 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламасын музыкант өткен аптада фортепианолық музыкаға арналған жеке шығармашылығынан бастаса, ал 20 ақпан күні өтетін «Романспен кездесу» вокалдық музыка кешінде өзбекстандық мейман елімізге танымал отандық опера әншілері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, «Астана операның» жетекші солисі Бибігүл Жанұзақ және танымал баритон Азамат Жылтыркөзовпен бірге өнер көрсетеді.
Театр • 18 Ақпан, 2024
Арқалық қаласындағы облыстық қазақ жасөспірімдер театрында еліміздегі ең білікті деген театр сыншыларымен тәжірибе алмасу апталығы өтті. Біртуар жазушы, қазақ көркемсөзінің хас шебері Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театртанушы ғалымдары қатысты.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2024
Кептелек Ақтөбеден Қарабұтаққа дейін созылды
Самара – Шымкент автожолының бойында, Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ елді мекені арасында 2500 жүк көлігінің қаңтарылып тұрғанына бірнеше күн болды. Жүргізушілер бір аптадан бері қардан аршылмаған жол бойында тұрғандарын, тайғаққа қарсы құм не басқа қоспалар себілмегеніне наразы.
Тұлға • 18 Ақпан, 2024
Кенжеғали Сағадиев: «Ғылым мен білім – адами капиталдың негізі»
Бүгінгі таңда біз білім беру жүйесінің көрнекті реформаторларының бірі, қазақстандық жоғары мектеп пен ғылымды ұйымдастырушы Кенжеғали Сағадиевті сағынышпен еске аламыз. Ғалым-экономист, академик, педагог Кенжеғали Әбенұлы көзі тірі болса, биыл 18 ақпанда 86 жасқа келер еді.
Теннис • 18 Ақпан, 2024
Теннистен Қатардың астанасы Дохада өткен жүлде қоры 3 211 715 долларды құраған WTA 1 000 турнирі аяқталды. Кіл мықтылардың басын қосқан бәсекеде Елена Рыбакина ақтық сынға дейін алқынбай жетіп, финалда әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Инга Швентекпен шеберлік байқасты.