Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Маңғыстауда жыл басынан бері есірткіге қатысты 70 қылмыс анықталды
Жыл басынан бері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 70 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде аса iрi мөлшердегі есірткі заттарды өткізу, тасымалдау, дайындау және заңсыз сақтаумен байланысты 17 ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар бар. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Ұшқыштар экстремалды жағдайда әрекет ету бойынша жарысты
Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының отыз шақты ұшқыштары қысқы жағдайда автономды түрде тірі қалу курсын өтті. Сабақты Әуе қорғанысы күштері Әскери институты бастығының (жауынгерлік даярлық жөніндегі) орынбасары полковник Асқар Избасов басқарды. Бұл туралы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 20 Ақпан, 2020
Орталыққа 10 велосипед сыйлады
Қазақстан велопорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде орналасқан жаңа велобазаға бас сұғып, осы жерде еңбек етіп жүрген мамандар мен бапкерлер және спортшылармен жүздесті.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Жұмақын Қайрамбай Халық университетінде дәріс оқыды
Алматыдағы Рахманқұл Бердібаев атындағы Халық университеті айына бір рет шығармашылық адамдарын өнер сүйер жастармен жүздестіріп, дәріс өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. «Әуезов үйінде» шымылдығын түрген кезекті басқосуда есім сойы қазақ кескіндемесіндегі жаңа реализмнің жарқын өкілі ретінде жұртшылыққа жақсы таныс Жұмақын Қайрамбай өз қолтаңбасының құпиясымен бөлісті.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
«Абай әлемі» жобасы аясында мерекелік шара өтті
Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі және Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» жобасы аясында мерекелік шара өтті.