Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Маңғыстаудың көші-қон қызметі салынған айыппұлдарды толық өндіріп алды
Биылғы жыл басынан бері Маңғыстау облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы 5660 шетелдікті уақытша тіркеуге ресми түрде қойды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 20 Ақпан, 2020
Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру және цифрландыру жүргізіледі
2020 жылдан бастап орталықтандырылған мемлекеттік сатып алулар жүйесі пилоттық режимде іске қосылды. 1 қаңтардан бастап 4 орталық мемлекеттік органда (Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, ИИДМ, АШМ) және 5 жергілікті атқарушы органда (Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай және Қызылорда облыстарының әкімдіктері) мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру бойынша пилоттық жоба қолға алынды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 20 Ақпан, 2020
Мемлекеттік сатып алулардың бәсекеге қабілеттілігі артады
Президент осыған дейін мемлекеттік сатып алулардың 75%-ы бәсекесіз іске асырылып келгенін, шенеуніктер мен делдалдарды пайдаға кенелтіп отырған бұл табыс көзін жабу қажеттігін айтқан болатын. Бұл ретте, мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу үшін нақты шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда тапсырыс берушілердің оны қайтадан өткізу міндеті белгіленді. Бұл бір көзден сатып алуды қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 20 Ақпан, 2020
Үнемдеу рекордтық 361 млрд теңгені құрады
Мемлекет басшысы өзінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында: «Елбасы «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің отырысында мемлекеттік сатып алулар үдерісін ретке келтіру мәселесіне ерекше мән берді. Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды оңтайландырумен айналысып жатыр, бірақ заңнамалық сипаттағы шаралар қажет» деген болатын. Сонымен қатар Президент мемлекеттік сатып алулардан түсетін қаржы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалу керектігін айтқан еді. Мемлекеттік сатып алуларды оңтайландыру процесі қалай жүргізіліп жатыр? Оларды жетілдіру шаралары қалай іске асырылуда? Мемлекеттік сатып алулар жүйесінің ашықтығы мен бәсекелестігін арттыру және басқа да жаңашылдықтар туралы айтылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Кино • 20 Ақпан, 2020
Тағы жеті голливудтық фильм қазақ тілінде көрсетілетін болады
Елордада 2020 жылы кинотеатрларда қазақ тілінде шығатын Disney студиясының картиналары жарияланды. Әлемдік киностудиялардың қазақ тілінде көрсетілген фильмдерінің жинағына осы жылы тағы 7 жарқын премьера қосылады.