Форум • 15 Ақпан, 2025
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, «Адал адам – адал еңбек» жастар форумы өтті. Алаңда жас буынға белгілі бір салада, кәсіпте не өндірісте өзінің маңдайтерімен табыс табатын, жанын салып жұмыс істейтін азаматтар имиджі насихатталды.
Экономика • 15 Ақпан, 2025
Экономиканы тұрақтандыру тетіктері
Қосылған құн салығының (ҚҚС) реформасы талқыланып, оның мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру ұсынылды. Үкімет мұны майшаммен қарап, кейбір салаларға 10%-дық мөлшерлеме енгізуді, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді салықтан босатпақ. Бизнес қауымдастық өкілдері ҚҚС өсімінің салдарын, бюджет шығыстарын оңтайландыру қажеттігін әрі салық жүйесінің инвестициялық тартымдылығын ескеруді сұрап отыр. Үкімет бюджет кірістерін ұлғайту арқылы Ұлттық қорға тәуелділікті азайтып, экономиканы тұрақтандыруға бағытталған шараларды қолға алып жатыр.
Өндіріс • 15 Ақпан, 2025
«Qarmet» ішкі нарықты толық қамтиды
Қарағанды облысының қала құраушы кәсіпорны «Qarmet» АҚ құрылтайшысы ауысқалы жаңа стратегиялық бағытқа көшті. Металлургия комбинаты енді ішкі нарықты 100% отандық өніммен қамтамасыз етпек. Алып кәсіпорынның құрамына үлкен диаметрлі құбыр шығаратын зауыт кіреді. Сонымен бірге комбинат болат, темір рудасын өндіреді. Қарағанды өңіріндегі бірнеше көмір кеніші де осы өндіріс орнына қарайды.
Салық • 15 Ақпан, 2025
Қағидат реттелсе, қазына да молаяды
Үкімет қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін өсіруді ұсынып отыр. Бірақ нақты шешім шыққан жоқ. Ұсыныс қоғамда қызу талқыға түсті. Президент бизнес өкілдерімен кездесуде кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн деді.
Медицина • 15 Ақпан, 2025
Алматыдағы Республикалық Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы остеосаркома – балалар арасындағы сирек кездесетін сүйектің қатерлі ісігі кезіндегі ірі буындарды ауыстыру операцияларын 2012 жылдан бері жасап келеді.