Қоғам • 15 Ақпан, 2024
Халқымыздың өнегелі өмірі мен ілкімді істері, тұтастай шежіресі мен тарихи деректері ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетті. Қилы замандарда тарихтың сын-қатеріне төтеп беріп, атажұртын, Ұлы даласын сақтап, кейінгі ұрпағына аманаттаған бабаларымыздың мұралары бізді рухани кемелденуге шақырады. Күнделікті тіршілікте ұстанып, қадірлеп, қастер тұтар халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, жоралғылары түп қалпында сақталып, өсиеттері мен ой ұшқындары жас ұрпақтың бойына рухани азық береді.
Қылмыс • 15 Ақпан, 2024
Биыл 7 ақпанда Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Б.Ибрагимовке, бас бухгалтері К.Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтеріне қатысты үкім шығарды. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Қоғам • 15 Ақпан, 2024
Ерік Асқаровтың есімі айтыскерлігімен шықты. Алайда ол елдің рухын көтерген айтыстың қайта жанданып, өнер додасына айналған 80-жылдардың ортасынан бұрын жазба ақын ретінде әдебиет әлеміне танылған талант иесі еді. Алғашқы өлеңдері Мағжан ауданындағы Дүйсеке аулы мектебінің 8-сыныбында оқып жүрген кезінде облыстық «Ленин туы» газетінде жарияланған. Одан соң оқуын Алматыдағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектепте жалғастырған.
Зерде • 15 Ақпан, 2024
Моңғолдардың 1219–1224 жылдардағы Хорезм жорығының нәтижесінде Ертістен Жетісудың батысы, Сыр бойы, Үстірт, Әзербайжан, Грузия, бүкіл Қапқаз, қазақтың Сарыарқасы, Еділ, Дон, Дунай, Азаулы бойы, кейін, 1238–1240 жылдары бүкіл Русь жері Киевпен қоса, Болгарияға дейінгі алып аймақ Жошы ханның иелігіне өтіп, әлемде «Жошы ұлысы» дейтін үлкен империя пайда болды.
Тағзым • 15 Ақпан, 2024
Халық геологі Қосым Пішенбайұлы есімін «Богатырь» кенішіне берсе жарасады
Баянауыл мен Екібастұз жерінде ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарының басында пайдалы қазбалар, атап айтқанда, мыс, күміс шығаратын бірнеше зауыт жұмыс істеген. Жосалы мен Майкүбіде көмір шахтасы болған. Ал Қандықарасу-Александровкада уран, мыс, алтын шығарылған. Көпестер кеннің тілін түсінетін жергілікті қазақтарды алдап-арбап, сыйақы беріп, солардың көмегімен қазба байлықтарды тауып отырған.