Технология • 19 Ақпан, 2021
Қолма-қол ақшадан – онлайн төлемге
Мыңдаған жыл бұрын адамзат қоғамында темір ақша пайда болған кезде сауда саласы ерекше серпілісті бастан өткерді. Содан кейін қағаз ақшаның шығуы сауданы одан әрі жеңілдете түскен. Себебі затқа затты айырбастаудан гөрі ақшамен есеп айырысу адамдарды көптеген шығыннан құтқарды.
Өнер • 19 Ақпан, 2021
Орал қаласында белгілі айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жансая Мусинаның мектеп жасындағы балаларға арналған өнер мектебі ашылатын болды.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2021
Шымкенттік жеке кәсіпкер декоративтік әйнек өндірісін өркендетуде
Шымкент қаласында жеке кәсіпкер Максим Тулин заманауи көркемдік және декоративті әйнек өңдеу өндірісін кеңейтуде. Жобаның басты ерекшелігі – кәсіпкер экологиялық таза материалдардан жасалатын өнім шығарады. Ассортименттің тізіміне фасет, хромдау, аквапринт, әйнекті декоративті өңдеу, екі қабатты терезелерді құрастыру және өндіру сияқты қызметтер кіреді.
Өнер • 19 Ақпан, 2021
Живописьте суретшінің түс пен кеңістіктің түбіне жетуі қандай қиын болса, графикада ақ пен қара түстің үйлесімділігі мен көп қырлылығын дәл табу да соншалықты қиямет-қайым шаруа. Айырмашылығы жер мен көктей қос өнерде де шеберліктің шексіз шыңына жеткен талант қана шедевр тудыра алады. Суретші атаулының өзі таңдап алған саласында тың иірімдерді таба білуі оны өнер биігіне көтермей қоймайтыны хақ. Суретші Батухан Бәймен көрерменді ең алдымен бейнелеу өнерінің қиын түрін таңдап алуымен және графика сияқты шектеулі өнерден де шыңырау тауып, соның тереңіне бойлай білген шебер ретінде қызықтырады.
Әдебиет • 19 Ақпан, 2021
Біраз жыл бұрын оқып, санамның бір түкпіріне сақталып қалған шығарманың бірі – «Ергежейлі» еді. Яғымусты өзім шын өмірде көрген ергежейлімен салыстырам, кереуетіне аяғын асып қойып, мырзасып шалқасынан жатқанын, далпылдап жүгіріп бара жатқанын көз алдыма елестетем, әйтеуір ұмыта алмай жүрдім. Алты жасымда тұңғыш рет қаладан ергежейлі әйелді көргем. Азық-түлік сататын дүкеннен. Ол да бірдеңелер сатып алып жатты. Нан алуға барған маған мағынасыз көзімен тесірейіп қарағаны, бет-аузын құбылтып, ыржақтағаны үрейімді ұшырған. Бойы алты жастағы мен шамалас, басы үлкен, бет-жүзі ересек әйелді құбыжық ретінде қабылдағаным рас-ты. Кейіннен оның өмір тарихын естіген кезде кеудемде қорқынышымнан аяушылығым басым түсіп, бірден есейіп кеткендей күй кешкенім бар.