Экономика • 15 Ақпан, 2024
Алтын, күміс тас екен... Әлем экономикасын қай металл құтқарады?
Бағалы металдар ішінде алтын мен күміс айрықша бағаланады. Сонау көне заманнан бері халық алтын мен күмісті байлықтың көзі ретінде қараған. Бұл екі металл да тек әшекей бұйым емес, өзінше бағалы болғандықтан, ұзақмерзімді инвестицияда олардың алатын орны ерекше.
Экономика • 15 Ақпан, 2024
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтің айтуынша, елімізде іскерлік белсенділік индексі өткен айда 49,7 белгісіне дейін жақсарды. Қызметтер секторындағы көрсеткіш – 50,6, өндірісте – 50,5-ті құрап, оң аймақта тұрақтады. Бизнес-климат индексі де оң қалпында қалды. Оған кәсіпорындардың болашақ бизнес жағдайлары бойынша күтулерінің жақсаруы ықпал етіп отыр.
Тарих • 15 Ақпан, 2024
Кеңес кезеңінде ұзақ уақытқа созылып, қаншама адамның өмірін жалмап, қайғы-қасірет әкелген нәубеттің бірі – Ауған соғысы. Кім үшін, не мақсатпен болып жатқаны белгісіз сұрқия соғыста еліміздің азаматтары әскерде берген антына адалдық танытып, соңына дейін арпалысты.
Қаржы • 15 Ақпан, 2024
Тапқан табысың тысқарыда қалмасын!
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияның 270.00 нысаны жеңілдетілді, декларациялауға жататын мәліметтер тізбесі қысқарды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді. Айта кетейік, биыл жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды.
Депозит • 15 Ақпан, 2024
Мөлшерлеме төмендейді: Депозит ашып, сыйақы жинап үлгереміз бе?
Қаңтарда баға өсімі тағы төмендеді. Алғашқы айдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 9,5 пайыз болды. Ұлттық банктің ортамерзімді перспективадағы басты мақсаты – инфляция деңгейін 5 пайыз межісіне дейін түсіру. Ұлттық банк бұл мақсатына 2025 жылдың аяғында, 2026 жылдың басында қол жеткізіп қалуы әбден мүмкін. Алдын ала болжам бойынша биыл инфляция 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2025 жылы 5,5-7,5 пайыз деңгейінде қалыптасуы мүмкін.