Әдебиет • 19 Ақпан, 2021
Бәрін басынан бастауға бола ма, тағдыр?Өзімді таппай адасқан кезімді ақтайтын. Бәрін басынан бастауға бола ма, уақыт? Енді күтпейін жолды ешкімі қайтпайтын... Айжан ТАБАРАКҚЫЗЫ Ақиқатында, өлеңсүйер оқырманның көбі лириканы жақсы көреді. Өйткені лирика – мөлдір өлең. Онда махаббат мен ғадауат, сұлулық пен нәзіктік, көңілге ұялаған мұң, сағыныш, арман мен аңсар, әрине, ең бастысы сезім бар. Қоңыр тіршілікте жақсы өмір сүруге һәм жақсы адам боп жүруге тырысатын әрқайсымызда айналамызға көрсете бермейтін (бәлки, одан ұяламыз) сезімдер болады. Жан тереңіндегі осы бір «құпия» сезімдер лирикада ақын жүрегінен нәзік иіріммен құйылып түседі. Сол үшін де мына жұрт «сезімшіл» өлеңдерді жиі оқитын болар. Ал өлеңнен әркім өзін іздейтіні екібастан.
Қоғам • 19 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы кітап оқу мәселесінің маңыздылығын атап өткен болатын. Сондай-ақ бұл мәселедегі кітапханалардың мәртебесіне назар аудара отырып, еліміздің барлық тұрғындарының күш-жігерін оқырман ұрпақты тәрбиелеуге шақырған еді.
Қоғам • 19 Ақпан, 2021
Бексұлтан Нұржекеұлы есімі қазақ мәдениетінің көш басында көрініп жүрген атақты қаламгер десек, артық айтпағандығымыз. Шынында жазушы Б.Нұржекеұлының кітаптарын естімедім, білмедім, оқымадым деген қазақ некен-саяқ шығар. Бір-бірінен сұрап жүріп, кітабын тауып алып құмарта оқитын оқырманы көп автордың бірі емес-ау, бірегейі.
Қоғам • 19 Ақпан, 2021
КСРО күйреп, оның орнына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылып жатқан тұста тәжік-ауған шекарасындағы жағдай шиеленісе түскен болатын. Ауған содырлары күзеті кем шекарадан есірткі мен қару-жарақ өткізіп, қарулы топтар тұтас Орталық Азияның тыныштығына қауіп төндіре бастаған еді. Міне, осы кезеңде ТМД-ға мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің 1992 жылғы 9 қазандағы «Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өздерінің сыртқы шекараларында тұрақты жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастығы туралы» келісіміне және 1993 жылғы 22 қаңтардағы «Тәжікстан Республикасының Ауғанстанмен мемлекеттік шекарасы учаскесінде жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» шешіміне сәйкес бітімгершілік операциясы жүзеге асырылды.
Қоғам • 19 Ақпан, 2021
Мен білетін ауған ардагерлерінің көбі томаға-тұйық, ашылып сыр ақтара бермейтін. Мыңдаған бозбаланың қаны сіңген құмды даланы қайбір еске алғысы келеді дейсің. Біткен жараның бетін тырнамайын деп, мен де оларды әңгімеге тартуға талпынбайтынмын. Осы жолы ауғандық жауынгерлердің бірі хабарласып, қаруласы – Тимур Қашыбаевтың жанкештілігі туралы жазсаңыз деп ұсыныс айтқан...