Инфографика • 16 Ақпан, 2023
Қазақстанның азық-түлік нарығы бір тұрақтала алмай қойды. Арагідік қандай да бір өнім түрі тапшылыққа ұрынып, тұтынушыларды дүрліктіріп қоятыны бар. Биылғы кезек пиязда сияқты. Осыдан айға жуық уақыт бұрын мемлекет пияз экспортына 3 ай мерзімге шектеу қойған болатын. Бұған себеп – Пәкістандағы табиғи апат (су тасқыны). Аталған ел әлемдегі аса ірі пияз өндіруші болып саналады. Енді олар апат салдарынан пиязды жеткілікті деңгейді өндіріп, тасымалдай алмаған соң, импорттаушы нарықтар Қазақстаннан сатып алуды көздейді.
Тұлға • 16 Ақпан, 2023
Қазақ поэзиясы – әдебиетіміздің алтын діңгегі. Осы бір жаһұт діңгектің жарқырап көрініп, талайды қызықтырғанымен өзіне кім көрінгенді жақындата қоймас қиқар мінезі бар. Ол маңайына тек таңдаулыларды ғана, тамырынан талантының дүбірлі дүрсілі анық естілетін саңлақтарды ғана жібереді. Сүзгісі қатал, таңдауы таза, іріктеуі әділ. Міне, осынау сүзгі-іріктеуден іркіліссіз өткен сөз зергерлерінің бірі – Қорғанбек Ғалымтайұлы Аманжол. Өйткені, қазақ әдебиетінің берекесін кіргізген, рухани әлемімізде құбылыс тудырған Абай, Мағжан сынды алыптардың ұлы жорығына ілесіп, қазаққа пайдасын тигізуден өңге тілегі жоқ ақын өлеңдерінің өзегінде өшпес рух, ұлттық аңсар, тұңғиық сыр, ізгілік, адам болмысының қыр-сырын мәністеген мәнер, бәрінен де қазақтың арын оятып, намысын жаныр жанайқай, тіліміз бен ділімізге оралуға шақырған азаматтық адал үн бар.
Қаржы • 16 Ақпан, 2023
«Open api» мен «Оpen Вanking»: Банк секторындағы бәсекелестік
Ұлттық банк «Open API» және «Open Banking» технологияларын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жариялады. ҰБ бұл тұжырымдаманы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) қатысуымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) бірлесіп әзірлеген. Тұжырымдаманың мақсаты – ашық банкингті дамыту және ашық банктік интерфейстерді енгізу бойынша қаржылық инфрақұрылым мен заңнамалық ортаны дамыту төңірегінде нақты қадамдар мен шараларды ұсыну.
Форум • 16 Ақпан, 2023
Күн санап құлашын кең жайған сандық технология күнделікті өмірімізден берік орын алуда. Әлем оны көптеген міндеттерді шешуге көмектесетін және ең қолайлы өмір сүру жағдайларын жасайтын маңызды құрал ретінде қабылдап отыр. Соған сай, заманауи күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған ірі диалог алаңы Digital Almaty бес жылдан бері өткізіліп келеді.
Өнер • 16 Ақпан, 2023
Әр шығармашыл жан өз үнін, өз ой-пікірін, өз ұстанымын, қарсылығы мен бұлқынысын өнері арқылы жеткізеді. Әр идеясын талантымен шебер ұштастыра алатындардың бірі – суретші Сәуле Сүлейменова. Жуырда ел астанасындағы «Pygmalion» галереясында ашылған суретшінің «Milestone» атты жеке көрмесіне барып, бұл ойымызға тағы да беки түстік.