Жастар • 16 Ақпан, 2023
Жастарды әлеуметтендіру – әрдайым назарда
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жастарды әлеуметтендіруге арналған форум өтті. Екі күнге созылған іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және жоғары оқу орындарының өкілдері мен студенттер қатысып, салаға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Университет • 16 Ақпан, 2023
Заманға сай жаңаруды, елге, өңірге қажетті сауатты кадрларды дайындауды мақсат еткен Ақтаудағы Yessenov University-інде ірі жоба қолға алынды. Ол – Қазақ-неміс инжиниринг институтын құру жобасы. Тың бастама Президенттің энергетика саласын және баламалы энергетиканы дамыту туралы тапсырмасын орындауға бағытталған.
Депозит • 16 Ақпан, 2023
«Депозит – банктің жаны» десе, жарасқандай. Біріншіден, депозит тарту арқылы өзінің қаржы қорын молайтады, тиісінше клиент алдындағы міндеттемесін өтеу тұрғысынан да сенімді болады. Екіншіден, мейлінше мол депозиттің жиналуы – азаматтардың банкке деген сенімінің өлшемі іспетті.
Өндіріс • 16 Ақпан, 2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары экологиялық қауіпсіз, еріткішсіз қолдануға болатын акрилатты бояуларды нарыққа шығарды.
Әскер • 16 Ақпан, 2023
Бүгінде әскери борышын өтеуден жалтаратын жастардың көбейгені белгілі. Оқушылардың бойына отаншылдық рухы сіңсе, ел мен жердің қадір-қасиетін біліп өссе, әскери тәрбиенің әліппесін мектептен меңгерсе, мұндай олқылықтар азаятыны анық.