Әскер • 16 Ақпан, 2023
Алматыда «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар белгілі болды. Қаладағы десанттық-шабуылдау құрамасының алаңында өткен жарысқа Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларының әскери-патриоттық клубтары қатысты. Олармен Десанттық-шабуылдау әскер-лерінің құрамалары мен әскери бөлімдері пысықтау жұмыстарын жүргізуде.
Тарих • 16 Ақпан, 2023
Жақсылар бағалаған, жұрт білетін, көп танитын әдебиеттанушы, зерек сыншы, журналистігі мен жазушылығы да жанып жіберсең тіліп түсетін, зерделі ғалым, бір сөзбен айтқанда, сан қырлы, бір сырлы Құлбек Ергөбектің азан шақырылып қойылған есімі – Құл-Құлбек.
Сұхбат • 16 Ақпан, 2023
Батырлан Амангелдиев: Батыр тұлғасын әлі толық таныған жоқпыз
Егемендік алғаннан кейін өткен тарихымызға үңіліп, жаңаша көзқараспен тану басталғанымен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы түрлі пікір айтылады. Алайда бұл көтерілістің астарында тәуелсіздікті аңсаған ұлттың арманы бар. Биыл Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің бас сардары, ұйымдастырушысы Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толады. Осы орайда біз халық батырының немересі Батырлан Рамазанұлы Амангелдиевпен кездесіп, азаттық жолында құрбан болған арғы бабасы Иманнан бастап, атасы Амангелдінің өскен ортасы мен күрескерлік жолы туралы әңгімелестік.Енді кейіпкеріміз туралы айта кетейік. Ол 1939 жылы Алматы қаласында туған. 1957 жылы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық университетінің автоматты басқару жүйесі мен элементтері факультетіне түседі. Оны ойдағыдай тәмамдағаннан кейін 1963-1970 жылдары аралығында Қазақ политехникалық институтында ғылыми зерттеу жұмысымен айналысады. 1970-1975 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Математика және механика институтында бас инженер, аға ғылыми қызметкер болды. Одан соң Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында жетекші ғылыми қызметкер, кейін Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институтында істеді. Техника ғылымдарының кандидаты. Бірқатар ғылыми еңбектің авторы.
Өнер • 15 Ақпан, 2023
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында алпыс жылдан астам тарихы бар «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова мекеменің жаңа ірі жобалары мен алдағы ауқымды концерттік іс-шаралар жоспарын баяндады. Өнер ордасының басты жаңалығы «Гүлдер» ансамблінің қайта жасақталуы болып отыр.
Театр • 15 Ақпан, 2023
«Астана Опера» театры сахнасына жалпыадамзаттық құндылықтарды арқалаған «Дала үні» балеті араға үш жыл салып, жаңа нұсқада қайта оралады. Балетмейстер Патрик де Бананың асыл мұраттарға жетелеген бұл қойылымы заманауи реңктерге боялып, өзгере түсті. Тіршіліктің сан сиқыры, махаббат күші мен бабалар даналығы тығыз өрілген спектакль көпшілікке 18-19 ақпан күндері ұсынылмақ. Осы орайда жаңа кейіпте қайта оралған қойылымның дайындық барысын білуге асықтық.