Руханият • 19 Ақпан, 2020
Қазақтың таным-түсінігінде Қыдыр ата ақ түйесіне мініп, қыр қыдырып, су сыдырып, құдық қазған, жол салған, бидай сепкен, мал баққан шаруақор жандарды бақылап, оларға сақы мырзалықпен ақ бата береді екен. Ақжолтай Қыдыр ата түйесінің аяғы тиген жерде жайқалып-толқындап егін өседі екен.
Өнер • 19 Ақпан, 2020
Елордада Театр жылы басталды. Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының ұйытқы болуымен биыл бас шаһар ресми түрде театр қаласы болып жарияланды. Осыған орай Жастар театрының «Ақжелкен» мәжіліс залында сахна саласы мамандарының қатысуымен «Театр диалогы» клубының тұсаукесері өтті.
Қоғам • 19 Ақпан, 2020
Қостанай облысында халық тұтынатын электр қуатының бағасы қымбаттайды. Қазіргі тариф бойынша өңірдегі әр отбасы орта есеппен 175 кВт электр қуатын тұтынып, оған айына 2433 теңге төлеп келген. Енді 1 ақпаннан бастап мұның үстіне 175 теңге қосылып, әр отбасы төлейтін токпұл көлемі 2608 теңге болады.
Қоғам • 19 Ақпан, 2020
Соңғы уақытта облыс орталығындағы жолаушылар тасымалымен айналысатын «Қызылорда автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметіне сын көп айтылып жүр. Осыдан 7 жыл бұрын құрылған серіктестік жұмысына көңілі толмайтындар маршрутты көліктердің уақытымен жүрмейтінін, демалыс күндері сирек қатынайтынын, кейде жүргізушілер мен кондукторлардың жолаушыларға дөрекі мінез танытатынын айтады.
Руханият • 19 Ақпан, 2020
Абай және оның дүниетанымы туралы айтқанда ой-танымының, әсіресе шығыстық-діни терең толғамдарының қалыптасуына ықпал еткен тұлғалар туралы тоқталмай кету әсте мүмкін емес. Дала дәстүрі мен халық философиясын бала жастан бойына сіңіріп, кейін медреседе оқып, тіл үйреніп, өздігінше ізденген данышпанның Шығыс пен Батысты тел еміп, адамзаттық өреге көтерілуіне, әрине оқыған кітаптары мен тәлім алған ұстаздарының тигізген әсері орасан зор болғаны анық. Абайға әсер еткен сондай тұлғаның бірі де бірегейі татар халқының ұлы перзенті Шихабеддин Маржани (1818-1889) екені белгілі.