Білім • 02 Ақпан, 2018
Техникалық гимназия – тәуелсіздік құрдасы
1991 жылы Атырау қаласында ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектептің іргетасы қаланды. 1996 жылы мектеп техникалық гимназия болып қайта құрылды. Бүгінде мұнайлы аймақтағы озық ойлы өрендер білім алатын гимназия сондықтан да өз тарихын тәуелсіздікпен байланыстырады. Мұнайлы өңірде шет тілін жетік білетін жергілікті мамандарға сұраныстың жоғары болуы осы гимназияның ашылуына түрткі болған еді. 26 жыл ішінде білім ордасынан мыңдаған шәкірт түлеп ұшты. Қазір олар шетелдерде де білім алып, еңбек етіп жүр. Бірінші сыныптан ағылшын тілін, жетінші сыныптан математиканы тереңдетіп оқытатын гимназия – еліміздегі іргелі білім ошақтарының бірі.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Ақсай қаласында жаңа мектеп ашылды - БҚО
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында 300 оқушыға арналған жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Бұл Қарашығанақ кенішінің экологиялық аймағына кіргендіктен тұрғындары көшірілген Березов және Бестау ауылдарының тұрғындарына арнайы салынған Аралтал шағын ауданында ашылған мектеп.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2018
«Қалдырған ізің мәңгілік» атты кітап жарық көрді
Қазір жергілікті баспа үйлерінен түрлі кітаптар шығып жатады. Жақында қостанайлықтар қолына тиген «Қалдырған ізің мәңгілік» атты кітап елең еткізді.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Тұрмыстық қалдықтар қалай өңделуде?
Даму даңғылына түскен адамзат баласының бүгінгі ең көкейкесті мәселесінің бірі – қатты тұрмыстық қалдықтарды жою, қайта өңдеу мен кәдеге жарату. Экологияның тағдырын тікелей шешетін бұл шаруа Қазақстанды да алаңдатып отыр.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2018
Ақмола облысында тұқымсепкіш кешен құрастырылмақ
Ақмола облысында тұңғыш рет «Amity» тұқым себу кешендері құрастырылады. Аталған кешенді құрастыру лицензиялық келісіміне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапары аясында «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС мен америкалық «Amity Technology» компаниясы арасында қол қойылған болатын.