Білім және ғылым министрлігі, Астана қаласының білім басқармасы «Ernst & Yong» компаниясымен бірігіп политехникалық колледж базасында техникалық және кәсіптік оқу орындарының студенттері арасында «Хакатон» идеялар байқауын өткізді. Шараның негізгі мақсаты – Қазақстан колледждерінің үздік студенттерін коммерциялық және өндірістік салалардағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.
Азия елдерінің студенттері Астанаға келеді
Биыл Назарбаев Университет Азия елдері арасында ірі студенттік конференцияны өткізу алаңы ретінде таңдап алынды. «The Harvard College Project for Asian and International Relations 2019 Asia Conference (HPAIR 2019 Asia Conference)» конференциясын өткізу құқығын жеңіп алған университеттің бұл жетістігі аз уақыт ішінде халықаралық дәрежеге еркін қанат жайғанын көрсетеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс орталығын төрт қақпалы Түркістанға көшіру туралы Қазақстан халқы мен түркі әлемі үшін мәні зор тарихи шешімі – алдымызға жаңа міндеттер қойып, айқын мақсаттарға жол ашты. Қазақстан Президенті қыркүйек айында жұмыс сапарымен келіп, қаланы дамыту бойынша өткізген кеңесте Шымкент өз алдына енші алып шыққаннан кейін бюджеті екіге бөлінген өңірдің қаржылық тұрақтылығын арттырып, жаңа кіріс көздерін көбейтуді тапсырды.