Отбасы • 12 Ақпан, 2024
Еліміздегі ең көпбалалы отбасы Қостанай облысының Лисаков қаласында тұрады. Рустам Шукуров пен Муаззама Мансурованың 55 баласы бар. Ерлі-зайыптылардың 2 ұл, 1 қызы өз кіндігінен тараған, қалған 52 баланы жетімдер үйінен асырап алған. Отбасында 11 ұлттың өкілі өсіп жатса, балалардың алды бүгінде студент, 36 бала мектепте білім алып жүр. Ал ең кенжесі – үште.
Олимпиада • 12 Ақпан, 2024
Астана қаласында биология пәні бойынша 35-халықаралық IBO-2024 (International Biology Olympiad) олимпиадасы өтеді. Шілденің 7-14 аралығында өтетін бұл додаға әлемнің 80-нен астам елінен 350-ге жуық оқушы қатысады. Мұндай беделді олимпиаданың Қазақстанда өтуі – кездейсоқ таңдау емес.
Білім • 12 Ақпан, 2024
Бішкекте отандық Педагогикалық шеберлік орталығының филиалын ашу жоспарланып отыр.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Қоғамда ажырасу оқиғаларының көбеюімен алимент төлеушілер қатары да артып келеді. «Алимент төлеуге міндеттілер» деген дұрыс шығар. Өйткені міндетті болғанымен, олардың бәрі бірдей «төлеуші» емес. Сондықтан прокуратура қызметкерлері алименттен қашқандарды анықтап, заң аясында күштеп төлеттіруге мәжбүр.
Құқық • 12 Ақпан, 2024
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ІІМ Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау бойынша көшпелі ашық сот отырысын өткізді.