Құқық • 12 Ақпан, 2024

Антты бұзсаң, жауап бер

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ІІМ Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау бойынша көшпелі ашық сот отырысын өткізді.

Антты бұзсаң, жауап бер

Коллаждарды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Сот отырысында Т. есімді  сарбаздың еліміздің Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының ішкі қызметінің Жарғысын және Отанға, халқына жанқиярлық­пен қызмет етуге ант бергеннен кейін өз командирінің бұйрығын орындаудан ашық және айқын бас тартқаны, яғни Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 652-бабының 6-бөлігінде көз­делген құқық бұзушылық жаса­ғаны анықталды.

Бұл норманың санкция­сы баламалы жазалау шара­ларын – айыппұл немесе қа­мау­ға алуды көздейді, сот екінші – қамауға алу және гаупт­вах­таға отырғызу шарасын қол­да­ну­ды ұйғарды.

Шахтинск қаласының әкім­шілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Жамбыл Кәрімбаевтің айтуынша, сот Т-ның қызмет атқару орны ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған Қазақстанның барлық өңірінен сотталғандар жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесі екенін ескерген.

Сот үдерісі басқаларға үлгі болуы үшін әскери бөлімнің мәжіліс залында бөлім басшы­лығы және жеке құрамның қатысуымен өтті.