Пікір • 12 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев батыл әрекет жасауға кірісіп, саяси реформалардың әлеуетін қолдана бастады. Өйткені Конституциялық реформа мен өткізілген сайлаулар Үкіметтің өкілеттігін айтарлықтай кеңейтті. Ол Президент Әкімшілігінің ұсақ-түйек бақылауынан босатылып, оның қайталанатын функциялары Үкіметке берілді. Салалық шешімдерді қабылдау құқығы да тиісті мемлекеттік органдар деңгейіне ауыстырылды. Өңірлердің бюджеттік дербестігі артты. Демек Үкіметтің тиімді жұмыс істеуі үшін қазір құралы жеткілікті.
Сараптама • 12 Ақпан, 2024
Қосымша құн салығы төмендетілуге тиіс
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында салық мөлшерлемесін көтеру – панацея емес дегенді айтты. Нақтырақ айтқанда, қосылған құн салығы жөнінде жаңа Үкіметке дейінгі бұрынғы Үкімет те оны біраз айналдырған. Алайда ҚҚС-ны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру керектігі мәселе түйінін тарқатпасы әу баста-ақ белгілі болған. Бұл кәсіпкерлер мен салық төлеушілер арасында да біршама талқыланды.
Экономика • 12 Ақпан, 2024
Биыл ел экономикасын не күтіп тұр?
Жаңа Үкімет жасақталып, оған экономикалық дамуды өрістету міндеті қойылды. Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Президент макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек деді. Қарапайым халық түсінбейтін цифрларды сапырып өте шығатын министрлер енді елмен етене бола бастайтын шығар деген үміт бар. Кәсіби сарапшылар биылғы экономикалық ахуалға қатысты болжамдарын жария етті. Олардың меңзеуінше, биыл былтырға қарағанда даму үдерісі біршама өспек.
Шаруашылық • 12 Ақпан, 2024
Дала жұмыстарына жүйелі дайындық
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шаруалары қыс ауасы дерлік қаңтардың соңында қырыққабат дақылын егу жұмыстарын жүргізді. Мысалы, «Аллажар» шаруа қожалығы еншісіндегі 7,2 гектар жердің 4,2 гектарына ерте пісетін қырыққабат дақылын екті. Қырыққабатқа еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс өте жоғары. Былтыр мақтааралдық шаруалар 20 мың тоннаға жуық көкөніс өндіріп, оның 80%-на жуығын ТМД, Балтық жағалауы, Түркия, Германия, Греция елдеріне экспорттаған.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Елімізде ескерткіштерді қирату,түрлі нысандарды бүлдіру, сындыру фактілері жиілеген. Былтыр вандализм жасаған 5 мыңнан аса адам анықталған. Бұзақылар ұсталған жағдайда жазасыз қалмайтыны түсінікті. Бірақ көшедегі жүгенсіздік «қоғамдық эпидемияға» айналмас үшін не істеу керек?