Тұлға • 08 Ақпан, 2025
Ойлап қарасақ, Қонаев қаласынан «Мұқағалитану мәдени орталығын» ашатын мезгіл жеткен секілді. Оның ұлтқа да, ұрпаққа да пайдасы тиер еді. Себебі Мұқағали Мақатаев екінің бірі емес. Бірегей ақын! ХХ ғасырдың шекарасынан тоқтаусыз өткен, ХХІ ғасырға жарқырап жеткен жампоз.
Руханият • 08 Ақпан, 2025
«Өткен күннің артта қалып елесі, жылжи берер уақыттың кемесі» демекші, зымыраған уақыт шіркіннің бір орнында тұрмайтыны ақиқат-ау! Сонау сексенінші жылдардың басына таман талдырмаш келген қараторы келіншек Рысбала Әбдіқадырова «СҚ»-ның табалдырығын имене аттап, меншікті тілшілер қосынының жетекшісі Кеңесхан Зәкен ағамыздың қарамағында қызмет атқаруға кірісіп еді. Кейін «Егемен Қазақстан» атанған айтулы басылымның маңдайалды қызметкері болған ол күн сайын тыным таппай, облыстағы меншікті тілшілермен хабарласып, өзекті деген материалдарды жеделдетіп қабылдап алып отырудың хас шеберіне айналды.
Руханият • 08 Ақпан, 2025
«Тасқа жазылған тарих» оқырманға жол тартты
Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының депутаты, академик Дархан Қыдырәлінің әзербайжан, қырғыз және түрік тілдерінде жарық көрген «Тасқа жазылған тарих», түрік тілінде оқырманға жол тартқан «Kod adı Türkistan: Mustafa Çokay», орыс тілінде басылған «Тюркский мир: через призму истории» кітаптарының тұсаукесері өтті. Іс-шара Түркі мәдениеті және мұрасы қорының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.
Қоғам • 08 Ақпан, 2025
Әлеуметтің әлеуетін жақсарту – басты мақсатымыз
Алматы облысының қайта құрылғанына үшінші жылға аяқ басты. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен өңірде Алатау аталатын жаңа қаланың аумағы белгіленіп, құрамына 12 шағын аудан біріктірілді. Түбегейлі жаңаруға бет бұрған өңірдің осы уақыт аралығындағы жетістіктері мен алдағы жоспарлары жөнінде облыс әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВТЕН сұрап білдік.
Экономика • 08 Ақпан, 2025
Саладағы цифрландыру үлесі артты
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев былтыр өңдеуші өнеркәсіп пен тұрғын үй құрылысында айтарлықтай жетістікке қол жеткенін айтты. Мәселен, өңдеуші өнеркәсібіндегі өнім көлемі металлургия (+6,9%), машина жасау (+9,7%), химия (+7,7%), басқа да салалардағы өсім есебінен 5,9%-ға артқан.