Руханият • 26 Ақпан, 2023
Бейбарыс сұлтан есімі ұлықталды
Дала тарихы – мыңжылдық шежірені ішіне бүккен тылсым тарих, тұғырлы жылнама. Қойнауы кеніш, алабы айқасқа ескерткішке толған ұлы даланың ашылмаған жады, айтылмаған сөзі орасан. Бейбарыс сұлтан есімі – сол құдіретті ұлағаттың тасқа таңбаланған бір көрінісі.
Халық • 26 Ақпан, 2023
Көтерме көмек ауылға барған жас мамандарға беріледі
Маңғыстау облысындағы жас мамандарға үй алуға 5 млн теңгеден көмек беріледі. Осылайша, мұнайлы өңірдегі «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 411 маман біржолғы көтерме жәрдемақы және 231 маман жеңілдетілген несиемен тұрғын үй сатып алуға көмек алады.
Жастар • 26 Ақпан, 2023
Мектеп партасымен қош айтысқан әрбір жастың алдында мамандық таңдау дейтін маңызды қадам тұрады. Аттай қалап түскен мамандығынан мән таппай, яки жібі түзу жұмыстың реті келмей жол ортадан бағыты басқа арнаға бұрылатындар жетерлік. Профориентологтер мұның себебін түрлі жағдаймен түсіндіреді. Жаны сүймеген жұмыс адамды келе-келе қажытса, кейде керісінше кездейсоқ таңдаған кәсіп жұлдызын жағады.
Ғылым • 26 Ақпан, 2023
Жанкешті жастар: ғылымды алға сүйреп келеді
Елімізде ғылымдағы жастардың саны көңіл көншітпейді. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, Қазақстанда 22 мыңнан астам ғалым бар. Оның тек 35 пайызы ғана жас зерттеушілер. Мұндай дерек жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы қаулы жобасында келтірілген. Тіпті құжатта тәуелсіздік алғалы ғалымдардың саны екі есеге қысқарғаны да айтылған.
Денсаулық • 26 Ақпан, 2023
Аллергиялық ауруларды асқындырып алмаңыз!
Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Аллергияның алғашқы белгілері: диагностика және емдеу» тақырыбында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас аллерголог дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, «Қазақ иммунодефициттер қоғамы» ҚБ төрайымы Елена Ковзель брифинг өткізді.