Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Биыл іске қосылған «Index Dtp.kz» қосымшасы арқылы еліміздің әр қаласындағы жазатайым оқиғалардың және жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) ықтималдық деңгейін тексеруге болады. Белгілі бір қалада әртүрлі жағдайларға байланысты жол-көлік апаттары көп тіркелсе, индекс жоғарылайды. Бір жыл бұрын жасалған қосымша сақтандыру мамандары мен қарапайым жүргізушілерге арналған.
Еңбек • 27 Ақпан, 2024
Жұмыс уақыты тәртібін бұзу – еңбек саласында ең жиі тіркелетін заң бұзушылықтың бірі. Көбіне-көп мемлекеттік қызметшілер өздерін тікелей басшыға тәуелді санап, артық жұмыс істеуге мәжбүр болатыны жасырын емес.
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Осал топтың құқын қорғау күшейді
Құс көлеңкесінен тоңатын әлсіздің де әлсізі бар. Бұл – адамның көңілі. Ал мүгедектігі бар жандардың көңіліне қаяу түсірмеу тіптен маңызды. Бұл ретте қоғамды кедергісіз ортаға айналдыру – мемлекет мүддесі.
Медицина • 27 Ақпан, 2024
Аурухана құрылысының бітпес дауы
Төрт жылдан бері Қостанай облыстық балалар ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмай тұр. Әу баста мердігер компания өзіне міндеттелген жұмысты жарты жылдың ішінде аяқтап, жаңарған ғимаратты қайта тапсырып беруге тиіс еді. Өкінішке қарай, аурухана ғимараты әлі бос тұр, тоқырап қалған жөндеу жұмыстары жанданар емес.
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Алимент төлеуден жалтарған 14 755 азаматтың елден шығуына уақытша тыйым салынды. Былтыр сот орындаушылары тентекті тезге салғандай 7 мыңға жуығын әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Десек те, қалған 53 пайызының әлі берешегі өтелмеген. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Журналистерге арналған баспасөз мәслихатында бұдан өзге бірқатар маңызды мәселе көтерілді.