Ауа райы • 07 Ақпан, 2024
Синоптиктер ескерту жасады: 14 өңірде жел күшейіп, бұрқасын болады
Елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды. Болжамға сәйкес, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
Қазақстанда лоторея терминалдарының жұмысы тоқтатылды
Туризм және спорт министрлігі «Сәтті Жұлдыз» АҚ лотерея клубтарының және жылдам электронды лотерея терминалдарының жұмысын жетілдіру, тәртіпке келтіру мақсатында Үкіметпен бірлескен шара қабылдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 07 Ақпан, 2024
Үкіметке үлкен міндет жүктеледі
Апта басында отставкаға кеткен Үкіметтің жаңа құрамын жасақтау ісі Премьер-министр лауазымына кандидатураны бекітуден басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісі және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов осы партия атынан Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Саясат • 07 Ақпан, 2024
Өңірге инвестиция тарту – өте өзекті мәселе. Қазір Жетісудың «бас ауруы» да осы болып тұр. Облыстық экономикасын дамыту үшін сырттан бизнес өкілдерін тартып, оларды қолда бар игіліктерге қызықтыру қажет. Аграрлы өңір туризм саласының әлеуетін арттыру үшін де жанталасып жатыр. Осы бағытта облыс әкімі Бейбіт Исабаев Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының делегациясымен кездесті.
Экономика • 07 Ақпан, 2024
Шаруа уайымын қалай сейілтеміз?
Қазақстан ғана емес, Орталық Азия елдеріне қатысты күрделі мәселе – су тапшылығы. Жыл өткен сайын жерүсті суының сарқыла бастауы бізді ғана емес, көршілерді де әбден ойлантып тұр. Ал былтыр Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында 2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екенін айтқан болатын.«...Жалпы, біз трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер», деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы.