Оқиға • 06 Ақпан, 2024
Бұл махаббат хикаясы Шыңғыстай ауылында өрбіген. Жазушы ауылдың соғыстан кейінгі етек-жеңін енді-енді жия бастаған мамыражай кезеңін суреттей отырып, романтикалық дүние туғызған. Үлкендерден сұрасақ, болған оқиға деседі. Иә, Оралхан Бөкей шығармашылығына арқау еткен тақырыптың дені – өз ауылы, ауыл адамдары... Біз айтайық деп отырғанымыз, «Мынау аппақ дүние» дей-тұғын мөлдіреп тұрған повесі. Шығармадағы басты кейіпкер Нұрлан Әкімбаев әлі күнге Шыңғыстай ауылында тұрады.
Әдебиет • 06 Ақпан, 2024
Отқа жанған талдың қабығын немесе әлсіз ғана жас бұта, әлде шиді көрген шығарсыз. Ши дегенде, далада түптеліп өсетін табиғиы. Түбіріне ат сүрінеді ондай шидің. Қалың қараған мен тобылғы, небір қия тастан екі аттап аман өтетін кей жүйрік ши түбінен сүрініп кетіп жатады. Жайылып өскен бір түп шиге бір үйір жылқы тояттайды дейтін үлкендер. Мүмкін асырып айтты ма екен, әлде бір түп ши дегені бір түбірден өсіп жетілген бірнеше түптен тұра ма екен, білмеймін.
Қаржы • 06 Ақпан, 2024
Жалған ақшаны түпнұсқасынан қалай ажыратуға болады?
Өткен жылы Қазақстан Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктер 649 100 теңгеге барабар 181 жалған ақша белгісін анықтады. Оның 179-ы – банкнота, екеуі – монета. Десе де бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 53,7%-ға аз, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2024
Қаржылық сауатыңыз қарыздан құтқарады
Өткен жылдан бастап 8 өңірде елдің қаржылық сауатын көтеруге бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы қолға алынғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Аmаnаt» партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасының тиімділігін айтып, алда оның аясын кеңейтуді тапсырған болатын. Осылайша, өткен жыл ішінде 65 мыңнан астам адамның қаржылық сауатын арттыруға мүмкіндік жасаған жоба биыл еліміздің барлық аймағында жүзеге аса бастайды.
Пікір • 06 Ақпан, 2024
Басына бұлт үйіріліп, несие ноқтасын киген борышкерлердің үлесі басым тұрғанда қоғам әрі-сәрі күй кешеді. Бүгінде осы жағдай жұртшылықтың еңсесін басып тұр. Алмақтың салмағын көтере алмай күйреп кеткен пенде қаншама?