Тарих • 23 Ақпан, 2018
Қазақ халқы мен оның құрамындағы ру-тайпалардың тарихы мен мәдениетінің бастаулары халық әдебиетінен тыс түркі халықтарының арасында мирас болып қалған жазба ескерткіштер, сондай-ақ Орталық Азияны, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінде дүниеге келген көркем, діни, философиялық, ғұмырнамалық, эпистолярлық, тарихи-жылнамалық, этнографиялық, деректік еңбектер арқылы жетті. Солардың бірі – ХVІІІ ғасырда өмір сүрген тарихшы Қожамқұли-бек Баһадүр Балхи Имамқұли құшбегі ұлының «Тарих-и Қыпшақи» атты кітабы.
Мәселе заманда емес, адамда...
Адамның азаматтығы, жауапкершілігі туралы қай кезде де кеңінен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгіме арқауына айналған жандарға аяныш білдіріп, «олар сатқындық жасайын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».
Білім • 23 Ақпан, 2018
Жаңа мазмұнды енгізуде ескерілсе...
Білім берудің жаңа мазмұны бойынша елімізде екінші жыл қатарынан жұмыс жүргізілуде. Бұл жүйеде ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең озық үлгілері басшылыққа алынғаны мәлім.
Білім • 23 Ақпан, 2018
Тарих оқулықтарының тілі ауыр, деректері қате
Биылғы оқу жылынан бастап жаңа форматқа көшкен 5-7 сыныптарда тарих пәнінен сабақ беремін. Бұл сыныптардың оқулығында олқылықтар аз емес. Әсіресе, 5-сыныптың «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқушылар меңгере алмай, қиналуда. Ең басты себеп, бағдарлама оқушылардың жас мөлшеріне сай емес. Яғни жүктемені азайтып, оқуды жеңілдетеміз дегеніміз кері әсер етуде.
Білім • 23 Ақпан, 2018
Педагог өмір бойы үйренуі тиіс
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану заманында ұлтымыз бәсекеге қабілетті болу үшін «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламаларды жүзеге асыру қажеттігі айтылды. Әсіресе, «Үш тілде білім беру» бағдарламасын орындауда қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени жаңартулар мектептік пән ретінде ағылшын тілінің пайдалану өрісін біршама кеңейтуде.