Спорт • 26 Ақпан, 2025
Шахматтан Монакодағы ФИДЕ Гран-приінің алғашқы айналымдарында испаниялық Сарасадат Хадемальшарьех (2458 ұпай), Катерина Лагномен (2515) тең түскен Бибісара Асаубаева (2492 ұпай) келесі ойында ресейлік Александра Горячкинаға (2546) есе жіберді. Одан кейін үндістандық Харика Дронавалли (2489), германиялық Элизабет Петц (2428), моңголиялық Батхуяг Мунгунтуулмен (2331) ұпай бөлісті. Қазір алты турдан кейін 2,5 ұпай жинаған Бибісара жарыс кестесінде 9-орында тұр.
Руханият • 26 Ақпан, 2025
Оны Құдай дүние-мүкамалға кенде қылмады. Бала-шағасы бар, бау-шарбағы, бәрі-бәрі түгел. Солай бола тұра көзі де, көңілі де аш. Зарлайды да жүреді. Аузынан шығатын ең көп сөз – «жоқ, жоқ». Алыс-беріске сараң. Қанағат деген қасиетті ұғым санасында туа бітті болмаған сияқты. Бірақ, жастау кезінде жөні түзу адам еді... Соңғы кездері қатты өзгерді, теріс жағына. Мұны құртқан – кім ұйымдастыратыны белгісіз тәрізді көрінгенімен негіз қалаушы нәпсі деген құдірет екенін көпшілік үштей түйсінетін дүниежарыс атты «чемпионат». Бұл біріншіліктің қатысушылары да белгілі-белгісіз, сондықтан жеңімпаз анықтала қоймайды, демек ешкім де марапатталмайды. Сонда да қатысушылар саны өте көп, қисапсыз. Осы миллиардтардың ішінде бұл да жүр.
Қысқы спорт • 26 Ақпан, 2025
28 ақпанда Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғысы курортында фристайлдың могул, параллельді могул, шаңғы акробатикасы түрлерінен Әлем кубогінің кезеңдік сайысы басталады. Үш тәулікке созылатын жарыста 17 мемлекеттен келген 100-ден аса спортшы өнер көрсетеді.
Қылмыс • 26 Ақпан, 2025
Солтүстік Қазақстан облысында қолдан жасалған спирттік ішімдіктерді тарату үдеп тұр. Жуырда полиция қызметкерлері Ақжар ауданында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында 39 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан «Mazda» көлігін тоқтатқанда, оның ішінен 100 литрдей заңсыз алкоголь тәркіленді.
«Таза Қазақстан» • 26 Ақпан, 2025
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жер-жерлерде жоғары қарқынмен жүргізілді. Тонна-тонна қоқыс шығарылып, аймақ, аудан, аула, көшелер абаттандырылды, жайқалған көшеттер егілді.