Аймақтар • 05 Ақпан, 2024
Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінде 320 орындық заманауи Денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Енді кент жасөспірімдері спорттың сан алуан түрімен айналысады.
Қоғам • 05 Ақпан, 2024
Атырау ұландықтары қырағылық танытты
Атырауда психотроптық дәрі-дәрмектерді колонияға әкелу әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сүйеніп.
Спорт • 05 Ақпан, 2024
Ұландық төрт әскери қызметші күміс жүлдегер атанды
Астанада күрес түрлерінен өткен Қазақстан чемпионатында әскери қызметшілер төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2024
Маңғыстау облысының автопаркі заманауи автобустармен жаңартылды. Ақпан айының алғашқы күндерінен бастап облыс орталығы Ақтау қаласынан барлық аудандарға жолаушылар тасымалдау үшін метан газымен қозғалатын жайлы он автобус жолға шықты. Бұл бастама көліктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, өңірдің экологиялық тұрақтылығын сақтауға, сұйытылған газды тұтыну жүктемесін азайтуға бағытталған. Жаңа автобустар 53 орынға арналған және кондиционер жүйесі, қауіпсіздік камералары, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған аппарель, метан қозғалтқыш және GPS жүйесі сияқты барлық қажетті құрал-жаблықтармен қамтылған.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2024
Алматы облысына сапармен келген Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Айдарбек Сапаров пен Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы Нұржан Нұржігітов агроөнеркәсібі өркен жайған өңірде суды пайдаланудың маңыздылығы мен түйінді проблемалары төңірегінде сала мамандарымен келелі кездесу өткізді.