Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Өткен жылы 40 жоба іске асырылды
Облыс әкімі Қ. Көшербаевтың қатысуымен өткен Эксперттік кеңестің отырысында жобалық басқару аясында жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Ерболат Досаев Ұлттық банк басшысы лауазымындағы жұмысына кірісті
Бүгін Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев Ерболат Досаевты Ұлттық банк ұжымына таныстырды. Ә.Исекешев Ұлттық банктің алдында тұрған барлық міндеттер бұрынғыдай қалатынын атап өтті. Бұл туралы ҰБ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Белгісіз жағдайда жоғалған атыраулық қыз 19 жылдан кейін елге оралды
Айдың-күннің аманында бауыр етің балаңнан көз жазып қалудан ауыр не бар? Ауылдан қалаға көшіп келіп, вокзал маңында ыстық тамақ сатып күнелтіп жүрген Дүйсенбаевтар отбасы 2000 жылы осындай қиын жағдайға душар болды. 16-ға енді толған қыздары Әсел із-түссіз жоғалып кетті. Қызының суретін ғана құшақтап қалған ата-ана үшін азапты күндер өтіп жатты. Үміт те үзілгендей еді...
Аймақтар • 26 Ақпан, 2019
Солтүстік Қазақстанда «Көктем-2019» республикалық оқу-жаттығу өтуде
Жиынға барлық облыстардан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдары келді.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2019
Кеше Ақтөбеде Премьер-министр А.Ұ.Мамин облыс активіне қатысып, Б.М.Сапарбаев Президент Жарлығына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалуына орай, бұған дейінгі атқарған қызметіне оң баға берді. Бердібек Мәшбекұлы Ақтөбе облысының әкімі кезінде өңірдің алға дамуына үлкен серпін туғыза білді. Оның бастамасымен көптеген инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асты дей келе, Үкімет басшысы активке қатысушыларға Президент Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалған О.С.Оразалинді таныстырды. Әрі облыстық мәслихат депутаттары оны қолдап дауыс бергенін мәлімдеді.