Қылмыс • 01 Ақпан, 2024
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті қай жақта ұсталды?
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрғаны үшін ұсталған Нұрболат Дакебаев Қарағандыдағы полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 01 Ақпан, 2024
«Ақан сері», «Жапандағы жалғыз үй» секілді тамаша романдар, «Заманай мен Аманай» повесін, «Сабалақ-Абылай», «Ажар мен ажал», «Қызым, саған айтам», «Өлара», «Жаралы гүлдер», «Қысылғаннан қыз болдық» атты пьесалар жинағын дүниеге әкелген, мұнымен қоса публицистика және әдебиеттанумен шұғылданған Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісовтің туғанына – 90 жыл.
Зерде • 01 Ақпан, 2024
Қара Ертіс бойындағы қалың елдің өскелең ұрпағы оқыған білім ұясы – Семейдің мұғалімдер семинариясы мен шалғай мекен – Баянауылдағы Сәтбаевтар әулетінің тарихи байланысы әріден басталады. Семей мұғалімдер семинариясы ашылған жылдары Семей – губерния орталығы, Павлодар уездік қала болатын. Өмірбаяндық дерегінің бірінде Қ.Сәтбаев: «...білім жолына жүйелі түскенім үшін туысым, ескі зиялы Әбікей Зейінұлы Сәтбаевқа қарыздармын», деп жазады. Академик Ә.Марғұлан да естелігінде: «Ағасы Әбікей Сәтбаев – Қаныштың аса жақсы көріп, қадірлеген адамының бірі. Қаныштың есеюіне, білім алып, маман болуына ол кісінің сіңірген еңбегі аз болмаған. Бүгінгі Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар облыстарынан шыққан оқымысты жастардың Әбікейден оқымағаны кемде-кем», дейді. Қаныштың Семейге келуіне себепкер немере ағасы Әбікей Сәтбаев еді.
Таным • 01 Ақпан, 2024
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің қызметкері, жас ғалым Батырлан Сағынтаев фейсбуктегі парақшасына 1915 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Торғайұлы» есімді автордың «Үлгілі іс» атты мақаласын жариялады.
Тұлға • 01 Ақпан, 2024
Елдігімізді еңселендірген тұлғалар қатарында халқымыздың ардақты перзенті Қаратай Тұрысовтың алар орны ерекше. Тұрысовтың табиғатын танытатын бір ғана түйінді сөзді іздер болсақ, қазақтың тұлға деген асыл ұғымы ойға оралады.