Партия • 05 Ақпан, 2023
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының драйвері
«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы кезектен тыс ХХІІ съезінде Парламент Мәжілісінің сайлауына дайын екенін мәлімдеп, кандидаттар тізімін бекітті. Атап айтсақ, Мәжіліс депутаттығына партиялық тізіммен 25, мажоритарлық жүйе бойынша 9 адам үміткер болады.
Форум • 05 Ақпан, 2023
Технологиялық ақыл-ой форумы: Ортақ энергетика нарығының мәселелері пысықталды
Алматыда «Digital Almaty» бесінші халықаралық технологиялық форумы аяқталды. Форум бағдарламасы 29 панельдік сессияны қамтыды, оған халықаралық және қазақстандық IT-қауымдастық өкілдерінің 150-ден аса спикері қатысты. 1 ақпандағы дерек бойынша форумға 17 мыңнан аса келуші тіркелген. Іс-шараның екінші күні ЕАЭО-ға мүше елдердің үкімет басшыларының қатысуымен пленарлық отырыстар ашық есік жағдайында да, жабық есіктің ар жағында да жалғасты.
Субсидия • 05 Ақпан, 2023
Шаруаны діңкелеткен субсидия шарты
Баянауылдағы «Діл-Нар-Ай» шаруа қожалығы мемлекеттен алған 20 млн теңге субсидияны қайтаруға міндеттеліп отыр. Алаяқ фирманың құрбаны болған шаруашылықтың шоттары мен мүлкі бүгінде бұғатталып, фермердің жағдайы қиындаған. Бір қызығы, кезінде қара малды жеткізушіні таңдауға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы себепкер болған көрінеді.
Әлем • 05 Ақпан, 2023
Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де – қан
Еуропалық одақты мазалап тұрған мәселелердің қатары тағы бір проблемамен толықты. Бұл жолы қарт құрлықтың атқамінерлері қасқырды ату қаншалықты дұрыс деген сұраққа бас қатырып жатыр. Даудың басы Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйеннің қасқыр жарып кеткен пониінен басталды.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2023
Алматыда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасы жанындағы Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі консультативтік комитеттің көшпелі отырысы өтті. Күн тәртібінде талқыға түскен мәселелер – одаққа мүше «бестік елдердің» өндірушілері мен жеткізушілерінің мемлекеттік сатып алуларға тең қолжетімділігі, мемлекеттік сатып алу бойынша банктік кепілдіктерді өзара тану, сатып алу процесін толық цифрландыру мақсатында ЕЭК заңнамасын әзірлеу, сатып алудағы ұлттық режімнің жұмыс істеу принциптерін жетілдіру.