Несие • 05 Ақпан, 2023
Автонесие бағдарламасы жалғасады
6 ақпаннан бастап жылдық 4 пайызбен несие беретін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта жалғасады. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өтінімдер қабылдайтын қанатқақты платформаны іске қосқалы отыр. Ол www.autonesie.kz деп аталады. Өтінім беру үшін электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) қолданылады. Өтінім беру барысында азамат автоөндірушілерді алдын ала таңдай алады.
Кәсіпкер • 05 Ақпан, 2023
Кәсіпкерлікті қолдау қай деңгейде?
Жуырда облыстық кәсіпкерлер палатасында жергілікті бизнесмендер монополист компанияға қарсы наразылықтарын айтты. Петропавлдағы көпқабатты үйлердің астында дүкені, дәмханасы немесе қызмет көрсету орны бар бизнесмендер «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның жылу үшін жіберген хабарламасымен келіспейтінін жеткізді.
Отбасы • 05 Ақпан, 2023
Отбасы институты – ұлттың айнасы
Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда неке құрған әрбір үшінші отбасы ажырасып кетеді екен. Осыған орай елімізде екі жақты татуластырумен қатар бүгінде отбасын қолдау орталықтары жұмыс істейді. Алайда мұндай орталықтың барынан тұрғындардың көбі хабарсыз. Жуырда елордада таныстырылған «Қазақстандық отбасылар-2022» ұлттық баяндамасында осы секілді бірқатар мәселе қамтылған.
Қоғам • 05 Ақпан, 2023
Көліктері әрі-бері ағылған көшелердің бірінде келе жатқан едім, жол жиегінде бала жетектеп тұрған бір ана қол көтерді. Тоқтап, баратын бағытын сұрасам, бес жасар ұлын ауруханаға алып бармақ екен. Мекенжайы – «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығы. «Басы ауырмағанның Құдаймен ісі жоқ» демекші, ығы-жығы қала ішінде мұндай орталықтың барын бұрын кім білген.
Қоғам • 05 Ақпан, 2023
Сулы-нулы, омырауына таққан күміс алқа тәрізді айдын шалқарлары бар өңірде 180-ге жуық елді мекен таза ауызсуға зәру болып отыр. Жыл сайын бюджеттен қыруар қаражат бөлінгенімен, игілікті істі ұйымдастыруда кемшілік басым.