Қоғам • 02 Ақпан, 2023
Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов пен комиссия хатшысы Тастемір Әбішев Еуропа Кеңесінің заң мамандықтары өкілдеріне арналған Адам құқықтары саласындағы еуропалық білім беру бағдарламасының (HELP) сарапшылары Сергей Дикман мен Кристина Хохлованы қабылдады.
Форум • 02 Ақпан, 2023
«Digital Almaty» халықаралық форумы басталды
Кеше Алматыда «Digital Almaty: Жаңа шындықтағы цифрлық әріптестік» V мерейтойлық халықаралық цифрлы форумы басталды. Форумға қатысушылар екі күн бойы өнеркәсіп саласының автоматтандырудан цифрландыруға көшуін, цифрлық майнинг перспиктиваларын, роботтандыруды қолдау салаларын талқылайды.
Қоғам • 02 Ақпан, 2023
Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған «Ұлт рухын асқақтатқан басылым» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Тағылымды шарада ұлттық сананы жаңғыртудың айнымас бағдары болып, ұлттық мүдде һәм теңдік пен бостандық күресінің, тарих пен мәдениеттің, тіпті халық тыныс-тіршілігінің айнасы бола білген басылымның тарихы, оның бастау-бұлағында тұрған Алаш арыстарының шығармашылық мұрасы хақында өзекті ойлар айтылды.
Қоғам • 02 Ақпан, 2023
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақ» газетінің 110 жылдығы аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының қазақ, ағылшын, түрік, орыс тілдерінде жарық көрген таңдамалы мұрасының, сондай-ақ ғылыми экспедиция әзірлеген «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты жинақтың таныстырылымы өтті.
Руханият • 02 Ақпан, 2023
XX ғасыр басында қазақ қоғамы жаңа саяси кезеңдерді бастан кешіріп, сапалық жағынан өсуге талпынды. Алғашқы ұлттық басылымдар, ұлттық мектептер пайда болып, ағартушылық қозғалыс кең қанат жайды. Ресей түркілері арасындағы жаңашыл қоғамдық-cаяси және ағартушылық қозғалыс жәдитшілдік деп аталды. Одан қазақ қоғамы да қағыс қалмады. Елімізде жәдиттік бағыттағы ағартушылық біршама өркен жайып, Алаш идеясын өрістетті. Бұл – ұлттың қайта өркендеу, тұтастану һәм бірігу кезеңі еді. Осы жолда алғашқы ұлттық басылымдар тарихи міндетін адал атқарып, соңына дейін ұлттық бағыттан ауытқымады. Тарихымызда тұңғыш рет ұлттық мерзімді басылым ұстанымын, тұжырымын, кәсіби мазмұнын айқындаған жалпыұлттық «Қазақ» газетіне биыл, міне, 110 жыл толып отыр.