Инновация • 02 Ақпан, 2023
Келешектің инновациялық бағдары
«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы Павлодарда алғашқы жемісін бере бастады. Былтыр ел бойынша алғаш болып ашылған IT-мектеп бір жыл ішінде 400 адамды оқытып, жеке компаниялардың ақпараттық технологиялар саласындағы білікті мамандарының санын арттырды. Ал фрилансер ретінде өз бизнесін ашқандар мұнда қажетті IT-дағдыларды үйреніп, соның нәтижесінде кәсіптерін өркендету үстінде.
Теннис • 02 Ақпан, 2023
Теннисшілердің төртінші мүмкіндігі
Ертең теннистен Дэвис кубогі жолындағы іріктеу матчтарының шымылдығы түріледі. Бұл сында Қазақстанның ерлер құрамасы әлемдік доданың финалына шығу үшін Чилиде жергілікті теннисшілермен шеберлік байқасады. Матч 4-5 ақпан күндері Чилидің курортты қаласы Ла-Серенада орналасқан «Ла Трентино» аренасының құмдауыт корттарында өтеді.
Спорт • 02 Ақпан, 2023
Рыбакинаның жарқын жеңісі осы спорт түрін серік еткендерді жігерлендіруге тиіс
Мельбурнде өткен Аустралияның ашық біріншілігі жексенбіде аяқталғанымен, спорт десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер сол бәсекелер барысын әлі біраз уақыт бойы талқылайтыны анық. Біз осы оңтайлы сәтті пайдаланып, Қазақстанның теннисі жайында азды-кем әңгіме қозғауды құп көріп отырмыз. Бұған дейін жерлестеріміз «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлерде қалай өнер көрсетті? Олар қай межеге дейін жете алды? Әлемдік рейтингтегі ең үздік көрсеткішіміз қандай? Бүгінгі мақаламызда осы сауалдарға тұщымды жауап қайтаруға тырысайық.
Егемен Қазақстан • 02 Ақпан, 2023
Төтенше жағдай • 02 Ақпан, 2023
Әбігерге түсірген толассыз жауын
Түркістан облысында толассыз жауған жаңбырдың және қалың қардың еруіне байланысты Кентау, Түркістан қалалары мен Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Табиғи апатқа жол бермеу мақсатында барлық шара қолданылды.