Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Қалалар мен ірі елді мекендерде кәріз суының қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына тигізетін зияны аз емес. Бұған жол бермеудің басты тәсілі – кәріздік тазарту құрылғыларын (КТҚ) салу. Ақтөбе өңірінде аталған істің қазіргі жай-күйі сын көтермейді.
Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Қазіргі таңда құқық қорғау органдарына «Гарант 24 Ломбард», «ESTATE Ломбард» ЖШС-не және «Нурали Капитал», «Выгодный займ» микрокредиттік ұйымдарының иелері азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, ақшалай қаражаттарын заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты арыздар түсуде.
Қоғам • 27 Ақпан, 2020
Жоспарлау – оңай, орындау – қиын
Студентке жағдай жасау оған жатақхана беруден басталса керек. Тұратын жері, паналайтын баспанасы болмаса, білім алушы сабаққа да, тамаққа да жарымай, тұрмыс тауқыметін әбден тартатыны анық. Талабы бар жастардың алаңсыз білім алуы үшін елімізде жатақханаларды көптеп салу ісіне мемлекет соңғы жылдары шындап бет бұра бастаған еді.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Қостанай облысындағы шағын тігін цехтары жаппай жабылып қалуы мүмкін. Цехтар индустриялық сертификаттың жоқтығынан бұған дейін өздері қызмет көрсетіп келген мекемелерден тапсырыс ала алмай отыр. Былтыр қыркүйек айынан бастап мұндай тапсырыстар мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ғана қабылдана бастаған. Содан бері талап та өзгерді.
Таным • 27 Ақпан, 2020
Рудный қалалық тарихи-өлкетану мұражайында өткен сазгер Қайрат Нұрғазинге деген сағынышқа толы ерекше ән кеші «Мәңгілік көктем» деп аталды. Рудный қаласы десе, бүгінде жұрттың есіне кенмен жағаласа ән түсер еді.