Кино • 05 Ақпан, 2019
Балалар фильмі қандай болуы керек?
Күні кеше режиссер Талғат Теменовтің «Біздің қаланың кішкентай ханзадасы» атты фильмі Бангладеште өткен байқауда «Ең үздік балалар фильмі» атанды» деп сүйіншіленіп жатқанда, иектеп келіп иіріміне тартқан алғашқы ой: «Осы бізде балалар киносы бар ма еді?» болды.
Әлем • 05 Ақпан, 2019
Ұлыбританиялық ғалымдар қатерлі ісіктен айығудың жаңа әдісін ойлап тапты
Ұлыбританияның Солфорд университетінің ғалымдары қатерлі ісік жасушаларын анықтаудың жаңа әдісін ойлап тапты.
Жүз бес жастағы әже «Егеменді» оқиды
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округіне қарасты Қосарал елдімекенінде Қамида Несіпова есімді әже тұрады. Ол қаңтар айының 14-і күні 105-ке толды.
Аустралияны бағындырған 66 жастағы IT-маман
Жастық шақта болған оқиға еді. Жамбыл аудандық «Екпінді еңбек» (қазір – «Атамекен») газетіне «66 жасар желаяқ» деген мақалам шықты. Іле ол «Лениншіл жас»(«Жас Алаш») газетінде жарияланды. Даңқты Сейдахмет аға Бердіқұлов басқарып отырған республикалық басылымдағы жарияланған бірінші мақала – марапаттың төресі, мақтаныштың көкесі екен. Кеңес Одағының бір қиырынан екінші қиырына (Мурманск – Владивосток) жаяу жүгіріп шыққан 66 жастағы мәскеулік желаяқ Ұзынағаштың үстінен өтіп, екі сағатқа аялдап, құрметпен шапан киіп кеткен еді сонда. Сол желаяқ пен сол мақала есімде мәңгі сақталып қалып қойыпты. Ұзақ жылғы тілшілік өмірде екінші рет 66 жастағы айрықша жан туралы жазуға тура келіп тұр. Мұндай да сәйкестік болады екен...
Цифрлы медицинаның мүмкіндігі мол
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен Астана қаласы әкімдігі бірлесе қолға алған «Астана – адалдық алаңы» жобасының мақсаты – халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыру, жемқорлыққа жол бермеу, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою, қоғамдық бақылауды кеңейту сынды ауқымды мәселерді қамтиды. Соның бірі денсаулық сақтау саласында жоғарыдағыдай келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған жұмыстардың жүргізілуі.