Кәсіпкер • 26 Ақпан, 2024
Сайын даланы алқызыл түске бояйтын көктем мезгілінде Жамбылда бұрын «Қызғалдақтар фестивалі» ұйымдастырылып тұратын. Жуалы ауданы аумағында өтетін іс-шараға мамандар ат басын бұрып, сұлулық пен нәзіктіктің символына айналған гүлдің арғы-бергі тарихы туралы сөз қозғайтын.
Жемқорлық • 26 Ақпан, 2024
Жемқорлыққа қарсы күрес санадан басталады
Жемқорларға жазаны арттырып, айыппұл мөлшерін өсіргенімізбен, елдің қаржысын қалтаға басатындардың саны азайған жоқ. Керісінше, шенді-шекпенділердің әдеті қол астындағы қызметкерлерге жұқты ма, осы күні түйені түгімен жұтатындардың есебі естен тандыратын күнге жетті. Қоғамдық санадағы қауіпті құбылысты жауапкершілікпен жүгендеу мүмкін еместігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Еңбек • 26 Ақпан, 2024
Жыл басынан бері 11,2 мың азамат «Skills Enbek» кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Олардың ішінде 5,7 мыңға жуық адам – жұмыссыз. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 26 Ақпан, 2024
Жүргізуші куәлігіне жете алмай жүргендер көп
Бұрын жүргізуші куәлігін ала алмай, айлар бойы сабылыпты дегенді оқта-текте еститінбіз. Қазір көлік басқару құқын растайтын құжатқа жылдап үздіккендер табылады. Осыған қарағанда жүргізушіге қойылатын ереже-талап жылдан-жылға қатаңдап бара жатқанға ұқсайды. Шын мәнінде солай ма, оң өзгеріс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға қалай әсер етеді? Біз осы сұрақтың анық-қанығын зерделеуді ойлап, Астана қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіндік.
Ғылым • 26 Ақпан, 2024
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары Владилен Поляков пен Дмитрий Мокшин терек сығындысы бар емдік печенье ойлап тапты.