Тағайындау • 01 Ақпан, 2022
Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді
Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 01 Ақпан, 2022
Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілді
ОСК Мәжіліс депутаты Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 01 Ақпан, 2022
Рейносо «Канело» - Головкин трилогиясы екінші орта салмақта өтетінін айтты
Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет шаршы алаңда кездесуді жоспарлап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2022
...Ғұлама тарихтың тарам-тарам сүрлеуіне көз жүгіртсеңіз, қазақ деген халықтың сонау көнеден бастау алған өмір соқпағы, басынан өткерген небір «тар жол, тайғақ кешулері», замана сарыны тайға таңба басқандай сайрап жатыр. Талай-талай асулардан көктей өтіп, сан-алуан елдерді жүгіндіріп, әлемнің тең жартысын өзіне қаратқан қаһарман елдің атойлаған іздері жатыр. Ақылмен, көрегендікпен, қайсарлықпен болашаққа жол салып дәуірлеген сол кезеңді көшпенділер дәуірі, көшпенділер өркениеті дейді екен. Оны да еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген осы кездері ғана жұтына оқып, санамызға сіңіріп жатырмыз. Тарихшыларымыз, зерттеуші ғалымдарымыз, археологтеріміз талай дүниенің түйінін шешіп, тот басып, көмескіленіп жатқан жәдігер-қазынамызды тауып, шым-шымдап болса да ел ырзығына айналдыруда. Мұның өзі – ғасырлар тұңғиығында қалып, әбден шиеленісіп қалған «орама жіпті» бір-бірлеп тарқатумен бірдей нәрсе.
Руханият • 01 Ақпан, 2022
Көз көргендер мен бастан кешкендер
Кеңестік қуғын-сүргінді біздің әулет те молынан бастан кешірді. Ата-бабамыз бай болғаны үшін ғана бізді қан шеңгел өкімет аяусыз қуғынға ұшыратты. Алдымен қайын жұртым туралы айтатын болсам, атам Оразбайды «бай-құлақ» деп ат қойып, мал-мүлкін тартып алып, өзін Түмен облысына қашуға мәжбүр қылады. Ол жаққа алдымен ағасы Қасым қашып барған екен. Атамыз ит тұмсығы батпайтын Тайганың ішінде күрке жасап күн көріп, жақын маңдағы орыс «селендерінің» малын бағуға жалданып жан сақтап отырған осы ағасын паналайды. Азды-көпті отырған соң ауылда қалған отбасына хабарын жеткізеді. Елде күнкөріс қиындап, «байдың құйыршығы» деген қысым көбейген соң әйелі Дәметкен 5-6 жастағы баласы Сейітті (менің күйеуім – авт.) жетелеп Түмен жаққа жаяу жетеді. Қаншама қиындық көріп, жол бойы азап пен қорлықты бастан кешеді. Жүре алмай қалған баласын жолда ат-арбалылар кездессе салып жіберіп, алдағы жол айрыққа тастап кетіңдер дейді екен. Аштық пен суық бір жағынан қысып, «баламнан айырылып қалдым ба?» деген қауіп екінші жағынан сорлатып, жолайрыққа жеткенде жолдың жиегінде отырған баласын көріп өлгені тірілгендей қуанатын көрінеді.