Әлем • 22 Ақпан, 2018
Шетелдік ЖОО-лардың қазақстандық студенттерге қызығушылығы жоғары
Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешовтің айтуынша, шетелдік жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттерді оқуға қабылдауға деген ықыласы өте жоғары. Бұл туралы Мелдешов forbes.kz-ке берген сұқбатында айтты.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2018
Атырауда мемлекеттік туды 91 метр биіктікке көтереді
Атырауда 2018 жылы тутұғыр салынады, ол Жангелдин-Құлманов көшелерінің қиылысында орналасады. Биыл сондай-ақ Исатай-Махамбет алаңын қайта жаңғырту жұмысы басталады. Бұл туралы халыққа есеп беру жиынында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2018
Оңтүстікте тағы үш аудан құру ұсынылды
Оңтүстік Қазақстан облысының осыдан 21 жыл бұрынғы экономикалық-әлеуметтік ахуалын бүгінгі күнмен салыстырсақ, қай тұрғыда болсын дамуды, қарқынды өсімді байқаймыз.
Қазақстан • 22 Ақпан, 2018
Қазақстан – БҰҰ: өзара әріптестіктің серпінді жолы
Алматыда БҰҰ-ның еліміздегі алғашқы өкілдігі ашылуының 25 жылдығы атап өтілді. Тәуелсіздік Туын жаңадан көтеріп, өз алдына дербес мемлекет атанған жас Қазақстан Республикасы үшін ол күндердің сағымдай, көрген түстей болып қалғаны рас. Экономикасы құлдырап, азып-тозып тараған Кеңестер Одағының аса ірі әкімшілік-аймақтық бір бөлігі өз бетінше талпынып іс-қимыл жасады. Салтанатты жиын барысында елеске толы 90-шы жылдардағы уақыт кезеңі туралы Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстан Республикасының сол кездегі тұрақты үйлестірушісі Найджел Рингроуз мырзаның әңгімесі өте қызықты да нанымды шықты.
Қазақстан • 22 Ақпан, 2018
Арал – Орталық Азияға ортақ мәселе
Аралдың Қазақстан мен Өзбекстанның ғана емес, бүкіл әлемнің проблемасына айналғанына жарты ғасырға жуықтады. Себебі суы тартылған теңіздің түбінен желмен көтерілген тұз аралас ауа Тянь-Шань тауларын былай қойғанда, солтүстіктегі Ресейге, одан әрі Еуропаға дейін жетіп жатқаны жөнінде нақты дәлелдер бар.